---
title: "Әділбек Жақсыбеков: Қазақстан қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын"
description: "Бүгін Астанада, ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Белару..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-10-04T00:32:59+00:00"
modified: "2013-10-04T00:32:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dilbek-zha-sybekov-aza-stan-or-anys-ministrligi-belarus-or-anys-nerk-sibi-keshenderimen-yntyma-tasty-377413"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dilbek-zha-sybekov-aza-stan-or-anys-ministrligi-belarus-or-anys-nerk-sibi-keshenderimen-yntyma-tasty-377413/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әділбек Жақсыбеков: Қазақстан қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

> Бүгін Астанада, ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Белару...

**

![Әділбек Жақсыбеков: Қазақстан қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын](https://storage.yvision.kz/images/user/minoboronyrk/Pgjee7t7ebiC2w3lcRGNIHd514vMWK.jpg)

Бүгін Астанада, ҚР Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков Беларусь Республикасы Мемлекеттік әскери-өндірістік комитетінің төрағасы Сергей Гурлевпен кездесті. Кездесу Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде өтті.**

Тараптар әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Аталған саладағы екіжақты қарым-қатынасты реттеуші және оның дамуына ықпал ететін маңызды орган ретінде әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-беларусь кіші комиссиясы жұмысының қарқынына оң баға берді.

Кездесуде Әділбек Жақсыбеков: – Қазақстан Қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Біз ел аумағында қазақстан-беларусь бірлескен кәсіпорындарын салуға мүдделіміз, – деп атап өтті.

Кездесуде Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшақтарына беларусь кәсіпорындарында, сондай-ақ Астанада салынатын авиациялық-техникалық орталықта техникалық қызмет көрсету бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту талқыланды.

Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Гурлев қазақстан-беларусь екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдарды белсендіру туралы әңгімелесті.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dilbek-zha-sybekov-aza-stan-or-anys-ministrligi-belarus-or-anys-nerk-sibi-keshenderimen-yntyma-tasty-377413](https://yvision.kz/kk/post/dilbek-zha-sybekov-aza-stan-or-anys-ministrligi-belarus-or-anys-nerk-sibi-keshenderimen-yntyma-tasty-377413)