---
title: "Депутат журналистерді өңірлік газеттерде жұмыс істеуге шақырды"
description: "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Карибай Мусырман «Дипломмен ауылға» бағдарлам..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-06-23T05:37:59+00:00"
modified: "2018-06-23T05:37:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/deputat-zhurnalisterdi-irlik-gazetterde-zh-mys-isteuge-sha-yrdy-807953"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/deputat-zhurnalisterdi-irlik-gazetterde-zh-mys-isteuge-sha-yrdy-807953/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Депутат журналистерді өңірлік газеттерде жұмыс істеуге шақырды

> Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Карибай Мусырман «Дипломмен ауылға» бағдарлам...

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Карибай Мусырман «Дипломмен ауылға» бағдарламасына журналистика мамандығын енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде жоғары білікті журналисттерге сұраныс көп, олардың тапшылығы байқалады.

«Бұл жағдайды кейбір отандық теле- және радиоарналардың күнделікті бағдарламаларының сапасынан байқауға болады, олардың жұртшылықтың сынына түсіп жатқаны да оған дәлел. БАҚ «рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуында маңызды рөл атқаратындығына байланысты бұл мәселені күн тәртібіне енгізетін уақыт келді деп санаймыз журналист кадрларының санын көбейтудің күнделікті мәселелері және оларды оқыту сапасын арттыру қажет. Осыған байланысты бізде мынадай ұсыныстар бар. Біріншіден, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Л.Н. Гумилев Еуразия ұлттық университеттерінің журналистика факультетінің потенциалын қалай тиімді пайдалануға болады?. Олар болашақ журналистерді даярлаудың негізгі оқу ордалары болып табылады, - деді Кәрібай Мусырман.

Сонымен қатар ол, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына және мемлекеттік құзырлы органдардың баспасөз қызметтеріне сұранысқа ие, жоғары мамандандырылған мамандарды даярлау қажет екенін атап өтті.

«Бүгінде «Еңбек» электрондық нарығы арқылы журналист мамандығы бойынша 133 бос қызмет орны ұсынылады, ал шын мәнінде білікті журналист мамандарға қажеттілік бұл саннан көбірек. Сондықтан «журналистика» мамандығына жыл сайын бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттарының жыл сайынғы төмендеу үрдісімен келісу өте қиын. Сол себепті біз ақпараттық және коммуникациялық министрліктің бұқаралық ақпарат құралдарына, мемлекеттік органдардың білікті журналистік кадрлардағы пресса-қызметіне мұқият зерделеуі керек деп санаймыз», - деді депутат.

Қазір жоғары оқу орындарының түлектері көп жпғдайда ауылдық жерлерде жұмыс істегілері келмейді, нәтижесінде олардың көбі қалалық жерлерде қалады, - деді мәжіліс депутаты.

Сондықтан да, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына облыстық газеттерде қызмет істеуге келісетін жас мамандарды қосуды ұсынамын», - деп қорытындылады Кәрібай Мусырман.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/deputat-zhurnalisterdi-irlik-gazetterde-zh-mys-isteuge-sha-yrdy-807953](https://yvision.kz/kk/post/deputat-zhurnalisterdi-irlik-gazetterde-zh-mys-isteuge-sha-yrdy-807953)