---
title: "Депутат Г.Қарағұсова тиімді бюджеттік жоспарлау бойынша ұсыныс жасады"
description: "Үкімет пен ҚР Ұлттық банкіне ұзақ мерзімге бюджеттік қаражаттың кірісін сақтап қана қоймай, сонымен ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-28T07:10:07+00:00"
modified: "2016-09-30T06:41:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/deputat-g-ara-sova-tiimdi-byudzhettik-zhosparlau-boyynsha-synys-zhasady-714585"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/deputat-g-ara-sova-tiimdi-byudzhettik-zhosparlau-boyynsha-synys-zhasady-714585/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Депутат Г.Қарағұсова тиімді бюджеттік жоспарлау бойынша ұсыныс жасады

> Үкімет пен ҚР Ұлттық банкіне ұзақ мерзімге бюджеттік қаражаттың кірісін сақтап қана қоймай, сонымен ...

Үкімет пен ҚР Ұлттық банкіне ұзақ мерзімге бюджеттік қаражаттың кірісін сақтап қана қоймай, сонымен қатар қайтарып беруге кепілдік беретін ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны әзірлеу қажет. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова мәлім етті.

![Депутат Г.Қарағұсова тиімді бюджеттік жоспарлау бойынша ұсыныс жасады](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/Aao5v0JNYcU03j6RAI23OX7PGZz81K.jpg)

«Мәжіліс комитеті кепілдемелік тұрғыда бірқатар ұсыныстар дайындауда. Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитет әлеуметтік саладағы барлық министрліктер әлеуметтік нысандардың құрылысына бақылау жүргізу керектігін айтады. Сонымен қатар, аталмыш салада әлеуметтік нысандардың құрылысы барысында МЖӘ құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктерін қарастыру керектігін айтады»,-деді Г.Қарақұсова.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі шығындарды тиімді жоспарлау үшін алушылардың контингентіне зерттеу жүргізуі керек.

«Мәдениет және спорт министрлігіне бюджеттік кездесуледі тиімді пайдалану мақсатында алдыңғы міндеттемелерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек. Қаржы және бюджет бойынша комитет бюджеттік қаражаттың уақытылы игерілуіне және Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындауға қатаң бақылау жасау керектігін айтады. Өйткені шамамен 380 млрд теңге көлеміндегі аталмыш қаражат қаржының соңғы жылында бөлінеді. Үкімет пен ҚР Ұлттық банкіне ұзақ мерзімге бюджеттік қаражаттың кірісін сақтап қана қоймай, сонымен қатар қайтарып беруге кепілдік беретін ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны әзірлеу қажет»,-деді Г.Қарағұсова.

«Заң аясында республикалық бюджетті нақтылау жобасының аясында 15 бюджеттік бағдарламаның әкімшілері 2016 жылдың қаражатын 90,2 млрд теңгеге шығынның көбеюін жүзеге асырмау арқылы қайта бөлді. Қосымша қаражаттың басым бөлігі Инвестициялар және даму министрлігі (146,6 млрд) мен Ұлттық экономика министрлігіне (155,1 млрд) бөлінбекші. Қалған ақша Ауыл шаруашылығы министрлігіне (97,3 млрд), Білім және ғылым министрлігіне (40,4 млрд), Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігіне (14,9 млрд), Қаржы министрлігіне (58,6 млрд), Мәдениет және спорт министрлігіне (7,1 млрд) беріледі. Сондай-ақ ел қауіпсіздігі саласындағы шараларды атқару үшін Қорғаныс министрлігіне қосымша 52,7 млрд теңге бөлу қарастырылған»,- леді ол.

Оған қоса, алдын ала есептелген шығынды қысқартатын әкімшілер бар.

«Оның ішінде қаржы министрлігі – 56,6 млрд теңге, Ұлттық экономика министрлігі – 39,7 млрд теңге, халықаралық қаржы арқылы жүзеге асып жатқан жобалар бойынша 28,9 млрд теңге, мыртқы қарыз бен грант бойынша 5,6 млрд теңге», - деді депутат.

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігі өз шығысын 2017 жылға алдын ала қабылданған шаралар мен Алматыда 2017 жылы қысқы Универсиада ойындарын өткізуге орай дайындықтың жоспарлануы бойынша 7,1 млрд теңгеге қысқартып отыр.

«Республикалық бюджет тапшылығы 2016 жылы 902,7 млрд теңге немесе 2 пайыз ЖІӨ деңгейінде қалды», - деді ол.

Айта кетейік, Мәжіліс 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енген өзгертулерді мақұлдады.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/deputat-g-ara-sova-tiimdi-byudzhettik-zhosparlau-boyynsha-synys-zhasady-714585](https://yvision.kz/kk/post/deputat-g-ara-sova-tiimdi-byudzhettik-zhosparlau-boyynsha-synys-zhasady-714585)