---
title: "Депозитті кепілдендірудің 7 қағидасы"
description: "1) Кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұл..."
author: "Nazarda"
published: "2014-03-14T02:11:56+00:00"
modified: "2014-03-14T13:43:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/depozitti-kepildendirudi-7-a-idasy-405197"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/depozitti-kepildendirudi-7-a-idasy-405197/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Депозитті кепілдендірудің 7 қағидасы

> 1) Кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұл...

1) Кепілдендірілген депозит – депозитті міндетті кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктегі жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің кез келген депозиті мен банктегі шоты.

2) Мемлекеттік кепілдік бір банктегі жалпы соммасы 5 000 000 теңгеден аспайтын барлық шоттарға таралады.

3) 2013 жылдың 1 қазанына арналған депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қорының мәліметтеріне сәйкес, шоттардың 99,6%-ы 5 000 000 теңгеге дейінгі депозиттерді құраған.

4) Орта есеппен бір шотқа 180 мың теңгеден тура келеді екен.

5) Қазақстанда қазіргі уақытта ««Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ мен ««Астана-финанс» Банкі» АҚ қоспағанда 38 банк қызмет атқарса, солардың 36-сы депозитті кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

6) Кез келген жеке тұлға (Қазақстан азаматы немесе өзге ел азаматы болсын) немесе жеке кәсіпкер бір банктегі ең жоғарғы лимиттен аспайтын кепілдендірілген сыйақы – 5 000 000 теңгені құрайтын соммада өз қаражатын орналастырса, өзіндік қорланымының орнын толтыруға мемлекеттен толық кепілдік ала алады.

7) Салым ақшаларды кепілдендіру туралы толық ақпаратты «Депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қоры» АҚ-ның байланыс телефонынан 8 800 080-10-20 немесе [www.kdif.kz](http://www.kdif.kz/) сайтынан білуге болады.

![Депозитті кепілдендірудің 7 қағидасы](https://storage.yvision.kz/images/user/nazarda/advy1nuqSDEYMwcCHJ5gj086NBnxbP.jpg)

**vlast.kz* сайтынан аударылды

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/depozitti-kepildendirudi-7-a-idasy-405197](https://yvision.kz/kk/post/depozitti-kepildendirudi-7-a-idasy-405197)