---
title: "Департаменттің жұмыс тобының БҚО Тасқала ауданнындағы үгіт-насихат жұмыстары"
description: "2015 жылдың 10 қыркүйек күні «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратег..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-12T00:46:52+00:00"
modified: "2015-09-12T00:46:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/departamentti-zh-mys-tobyny-b-o-tas-ala-audannynda-y-git-nasihat-zh-mystary-538921"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/departamentti-zh-mys-tobyny-b-o-tas-ala-audannynda-y-git-nasihat-zh-mystary-538921/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Департаменттің жұмыс тобының БҚО Тасқала ауданнындағы үгіт-насихат жұмыстары

> 2015 жылдың 10 қыркүйек күні «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратег...

2015 жылдың 10 қыркүйек күні «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлерінен құрылған жұмысшы тобы Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданына барды.

Жұмыс тобының іс**-**сапары, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан басталды. Қабылдауда аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, Достық ауылдық округінің әкімі және аудан ардагерлері болды. Олар мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа реформалар туралы түсіндіру бағытында, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу мәселелерін көтерді.

Кейін, аудандық әкімдікте аудан активінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев және жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылатын жазалар туралы Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш баяндама жасады.

Олар Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасындағы 15 қадамға тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы азаматтарды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру, мемлекеттік қызметке меритократия қағидасы бойынша тағайындау, протекционизм көріністерін жою мәселелеріне ерекше тоқталып, жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы ақпараттандырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды талқылау барысында аудан прокурорының көмекшісі Н.Сейткалиев, біріңғай тәртіптік кеңес төрағасы **-** аудан әкімінің орынбасары Л.Ә.Жұбанышқалиева және аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазиз осы салада ауданда атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстел соңында өткізілген шараның әсер ету деңгейін және сыбайлас жемқорлықты қабылдауды бағалау сауалнамалары толтырылды.

![Департаменттің жұмыс тобының БҚО Тасқала ауданнындағы үгіт-насихат жұмыстары](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/2oe04phbKussi8Re3n3gq4tvko36Ro.jpg)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар Тасқала агро**-**техникалық колледжі мен аудандық «Сәулет» мектеп гимназиясында жалғасын тапты. Шара барысында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев, Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш Департамент жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның, соның ішінде жастардың рөліне тоқталды.

Мектепте азаматтық құқықтарды терең меңгеру және жоғары адами құндылықтарға жастарды тәрбиелеу мақсатында, «Сыбайластық. Жемқорлық.Парақорлық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабаққа мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Сабақ пікір-сайыс арқылы өткізіліп, видеоролик және слайдтар көрсетілді. Оқушылар әділдік, шыншылдық, ашықтылық тақырыптарында топтарымен қызу жұмыстанды. Оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс**-**қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев дәріс оқыды.

Департаменттің жұмыс тобы іс**-**сапардың қорытынды шарасын аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы өткізді. Бұл жерде орталықтың тұтынушылары мен қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен оның ашық болуы туралы Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев түсінік берді. Сонымен қатар, Тасқала аудандық «Жастармен жұмыс орталығы» мен «Намыс» ЖҚБ ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына арнайы жасалған «Мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі менің құқығым» және «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады» жаднамалар мен«Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналдары таратылды.

![Департаменттің жұмыс тобының БҚО Тасқала ауданнындағы үгіт-насихат жұмыстары](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Qg1VYb6F2Yh7rMYgbDpo1Mz9p8w8kl.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/departamentti-zh-mys-tobyny-b-o-tas-ala-audannynda-y-git-nasihat-zh-mystary-538921](https://yvision.kz/kk/post/departamentti-zh-mys-tobyny-b-o-tas-ala-audannynda-y-git-nasihat-zh-mystary-538921)