---
title: "Департаменттің қызметкерлері көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған кабинетке барды"
description: "2018 жылы қыркүйекте Қостанай қ. №22 мектепте көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған ..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-02-01T04:39:56+00:00"
modified: "2019-02-01T04:39:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/departamentti-yzmetkerleri-k-zi-k-rmeytin-zh-ne-nashar-k-retin-balalar-a-arnal-an-kabinetke-bardy-825262"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/departamentti-yzmetkerleri-k-zi-k-rmeytin-zh-ne-nashar-k-retin-balalar-a-arnal-an-kabinetke-bardy-825262/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Департаменттің қызметкерлері көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған кабинетке барды

> 2018 жылы қыркүйекте Қостанай қ. №22 мектепте көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған ...

2018 жылы қыркүйекте Қостанай қ. №22 мектепте көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған кабинет ашылды.

Консультативтік мақсатта (мүгедектің жеке бағдарламасын түзету) ағымдағы жылғы 21 қаңтарда №4 МӘС бөлімінің басшысы Б.М. Досмұхамбетова кабинетті аралады. Қазіргі уақытта сыныпта 5 бала оқиды. Кабинет арнайы құралдармен, үстел ойындармен, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар үшін бұрыштармен, демалу аймағымен жабдықталған. Сабақты тифлопедагог, тьюторлар, психолог, логопед жүргізеді. Қосымша факультативті сабақтар мен арнайы пәндер жүргізіледі: әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, кеңістікте бағдарлау, белсенді-қимыл сипатындағы жеке және топтық сабақтар, мимиканы дамыту және пантомимика, түзету ырғағы, тіл дамуының кемшіліктерін түзету, қалдық көруді қорғау және дамыту.

![Департаменттің қызметкерлері көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған кабинетке барды](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/9bbedd4d4340e7962bcdd895671a22.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/departamentti-yzmetkerleri-k-zi-k-rmeytin-zh-ne-nashar-k-retin-balalar-a-arnal-an-kabinetke-bardy-825262](https://yvision.kz/kk/post/departamentti-yzmetkerleri-k-zi-k-rmeytin-zh-ne-nashar-k-retin-balalar-a-arnal-an-kabinetke-bardy-825262)