---
title: "Департаментте мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді"
description: "2021 жылғы 23 маусымда департамент ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2021-06-23T11:09:54+00:00"
modified: "2021-06-23T11:09:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/departamentte-memlekettik-yzmetshiler-k-ni-atap-tildi-939677"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/departamentte-memlekettik-yzmetshiler-k-ni-atap-tildi-939677/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Департаментте мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

> 2021 жылғы 23 маусымда департамент ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні...

2021 жылғы 23 маусымда департамент ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа және мемлекетке қызмет етуді бәрінен жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттік қызметті жаңғырту "Қазақстан-2050" Стратегиясының негізгі басымдықтарының біріне айналды, оны іске асырудың басты мақсаты ғасырдың ортасына қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру. Мұрат Тілемісұлы Мұратбеков іс-шараны ашып, Департамент қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу құрметіне Департамент қызметкерлеріне: 1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы: Досмұхамбетова Балқия Мұқашқызы-№4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы. 2. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен: Әбдіқадырова Армангүл Асылбекқызы-дебат турниріне қатысқаны үшін №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы. 3. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты: Джунусова Анар Амангелдіқызы-халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы; Төлепова Әлия Ерланқызы-штаттан тыс іс қағаздарын жүргізу инспекторы. Сондай-ақ, 23 маусымда Жастар сарайында Мемлекеттік қызмет департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты іс - шара өтті, оның аясында мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі, ең маңызды және күрделі міндеттерді табысты орындағаны үшін Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков, сондай - ақ - №5 мамандандырылған МӘС бөлімінің бас маманы Әлібекова Күмісай Мыңжасарқызы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби деңгейі, жұмысқа жауапты қатынасы үшін марапатталды.

***

![Департаментте мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді](https://storage.yvision.kz/images/user/386817/9acb4fd326ec77cca2964146a714a2.jpg)

23 июня 2021 года в здании департамента состоялось торжественное собрание, посвященное Дню государственного служащего Республики Казахстан. С первых дней Независимости Первый Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев уделяет особое внимание формированию профессионального государственного аппарата, для которого служение народу и государству превыше всего. Модернизация государственной службы стала одним из ключевых приоритетов Стратегии «Казахстан – 2050», главная цель реализации которой к середине века войти в 30-ку наиболее конкурентоспособных стран мира. Муратбеков Мурат Тлемисович открыл мероприятие поздравив сотрудников департамента с праздником и пожелав успехов в работе. В честь празднования Дня государственного служащего сотрудникам Департамента были вручены: 1. Почетная грамота Министра труда и социальной защиты населения РК: Досмухамбетова Балкия Мукашевна – руководитель отдела медико-социальной экспенртизы №4. 2. Благодарственное письмо руководителя Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Костанайской области: Абдыкадырова Армангуль Асылбековна- руководитель отдела пенсионного и социального обеспечения №1 за участие в Дебатном турнире. 3. Благодарственное письмо руководителя Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области: Джунусова Анара Амангельдиевна – главный специалист отдела по контролю в сфере социальной защиты населения; Тулепова Алия Ерлановна – внештатный сотрудник инспектор по делопроизводству. Также 23 июня в Жастар сарайы прошло торжественное мероприятие, организованное Департаментом госслужбы в рамках которого были награждены нагрудным знаком «Үздік мемлекеттік қызметші» Муратбеков М.Т. – руководитель Департамента за значительный вклад в развитие государственной службы, успешное выполнение самых важных и сложных задач, а также Алибекова Кумисай Мынжасаровна- главный специалист отдела специализированной МСЭ №5 Почетной грамотой акима Костанайской области за многолетний добросовестный труд, высокий уровень профессионализма, ответственное отношение к работе.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/departamentte-memlekettik-yzmetshiler-k-ni-atap-tildi-939677](https://yvision.kz/kk/post/departamentte-memlekettik-yzmetshiler-k-ni-atap-tildi-939677)