---
title: "Департамент өкілі педагогикалық кеңес отырысына қатысты."
description: "2017 жылғы 5 қаңтар күні Орал қаласының №45 жалпы орта білім беретін мектебінде 2016/2017 оқу жылыны..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-01-07T01:05:21+00:00"
modified: "2017-01-07T01:05:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/departament-kili-pedagogikaly-ke-es-otyrysyna-atysty-745100"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/departament-kili-pedagogikaly-ke-es-otyrysyna-atysty-745100/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Департамент өкілі педагогикалық кеңес отырысына қатысты.

> 2017 жылғы 5 қаңтар күні Орал қаласының №45 жалпы орта білім беретін мектебінде 2016/2017 оқу жылыны...

2017 жылғы 5 қаңтар күні Орал қаласының №45 жалпы орта білім беретін мектебінде 2016/2017 оқу жылының бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес отырысы оздырылды.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысты.

Ол өз баяндамасында мектеп ұжымына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі бағыттарын түсіндіріп, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша тиым салынғандығы кеңінен түсіндірді.

Шара соңында әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

![Департамент өкілі педагогикалық кеңес отырысына қатысты.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Q4XRv92vHaxMg21ADX35q0MpUeLTL0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/departament-kili-pedagogikaly-ke-es-otyrysyna-atysty-745100](https://yvision.kz/kk/post/departament-kili-pedagogikaly-ke-es-otyrysyna-atysty-745100)