---
title: "Департамент басшысы жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды"
description: "2019 жылдың 16 тамыз күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайла..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-08-17T09:06:38+00:00"
modified: "2019-08-17T09:06:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/departament-basshysy-zh-mys-saparymen-shy-yrlau-audanynda-boldy-838714"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/departament-basshysy-zh-mys-saparymen-shy-yrlau-audanynda-boldy-838714/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Департамент басшысы жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды

> 2019 жылдың 16 тамыз күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайла...

2019 жылдың 16 тамыз күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева және облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшелері жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.

Жұмыс сапары барысында аудандық аурухананың жұмыс барысымен танысты және тұрғындарды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/departament-basshysy-zh-mys-saparymen-shy-yrlau-audanynda-boldy-838714](https://yvision.kz/kk/post/departament-basshysy-zh-mys-saparymen-shy-yrlau-audanynda-boldy-838714)