---
title: "Департамент басшысы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты"
description: "2019 жылы 19 сәуірде сағат 16.00-де бейнеконференцбайланыс режимінде «Еңбек, әлеуметтік қорғау және ..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-04-22T05:15:13+00:00"
modified: "2019-04-22T05:15:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/departament-basshysy-m-gedekterdi-leumettik-or-au-salasynda-y-ylestiru-ke-esini-otyrysyna-atysty-830949"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/departament-basshysy-m-gedekterdi-leumettik-or-au-salasynda-y-ylestiru-ke-esini-otyrysyna-atysty-830949/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Департамент басшысы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты

> 2019 жылы 19 сәуірде сағат 16.00-де бейнеконференцбайланыс режимінде «Еңбек, әлеуметтік қорғау және ...

2019 жылы 19 сәуірде сағат 16.00-де бейнеконференцбайланыс режимінде «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы М.Т. Мұратбеков Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықованың басшылығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.

Үйлестіру кеңесінің күн тәртібі:

«Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру және Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды әзірлеу қорытындылары туралы».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/departament-basshysy-m-gedekterdi-leumettik-or-au-salasynda-y-ylestiru-ke-esini-otyrysyna-atysty-830949](https://yvision.kz/kk/post/departament-basshysy-m-gedekterdi-leumettik-or-au-salasynda-y-ylestiru-ke-esini-otyrysyna-atysty-830949)