---
title: "Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай ..."
description: "Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы б..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2021-09-08T11:48:11+00:00"
modified: "2021-09-09T04:10:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-u-kil-aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-agenttigini-ostanay-947477"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-u-kil-aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-agenttigini-ostanay-947477/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай ...

> Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы б...

Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті ұйымдастырған пікірталас алаңына қатысты

2021 жылғы 8 қыркүйекте "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ әдеп жөніндегі уәкілі А. Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшылығының, Қостанай облысының әдеп жөніндегі уәкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша "Development day" пікірталас алаңы форматында өткен кездесуге қатысты.

Қазіргі уақытта барлық ниет білдірген азаматтар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы бойынша өз түсініктемелерін "Ашық нормативтік құқықтық актілер (НҚА)" порталында қалдыра алады.

"Ашық НҚА" порталы азаматтардың қоғамдық бастамаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және мемлекеттік органдардың шешімдерін қарауға қатысуын қамтамасыз етеді. Осылайша, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жобаларды әзірлеуші органдар көпшілік талқылау үшін порталға орналастырады. Талқылау нәтижелері бойынша есептер порталда жарияланады.

Бұрын электрондық үкімет шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары eGov порталында талқыланса, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңның қабылдануымен заң жобалары тұжырымдамаларының барлық жобалары, НҚА жобалары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары міндетті түрде "Ашық НҚА" интернет-порталында көпшілік талқылаудан өтеді.

***

Уполномоченный по этике приняла участие в дискуссионной площадке организованной Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Костанайской области

8 сентября 2021 года уполномоченный по этике РГУ «Департамент Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области» Айтуарова А.Р. приняла участие во встрече с участием руководства Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Костанайской области, уполномоченных по этике Костанайской области, представителей неправительственных организаций в формате дискуссионной площадки «Development day» по обсуждению проекта Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной службы».

В данный момент все желающие граждане также могут оставить свои комментарии по проекту Закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной службы» на портале «Открытые нормативные правовые акты (НПА)»

Портал «Открытые НПА» обеспечивает участие граждан в рассмотрении общественных инициатив, проектов нормативных правовых актов и решений государственных органов. Так, до направления на согласование в заинтересованные госорганы, проекты размещаются на портале органами-разработчиками для публичного обсуждения. Отчеты по результатам обсуждения также публикуются на портале.

Ранее в рамках электронного правительства стандарты госуслуг обсуждались на портале eGov, а с принятием Закона «О доступе к информации» все проекты концепций законопроектов, проекты НПА и стандарты государственных услуг в обязательном порядке проходят публичное обсуждение на интернет-портале «Открытые НПА».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-u-kil-aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-agenttigini-ostanay-947477](https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-u-kil-aza-stan-respublikasy-memlekettik-yzmet-isteri-agenttigini-ostanay-947477)