---
title: "Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді"
description: "2017 жылдың 11 қазанында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-10-12T03:47:22+00:00"
modified: "2017-10-12T03:47:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-otyrysy-tkizildi-781463"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-otyrysy-tkizildi-781463/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді

> 2017 жылдың 11 қазанында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем...

2017 жылдың 11 қазанында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Ақжайық және Сырым аудандарының жер қатынастары бөлімдері басшылары мен Орал қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік істер қаралып, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті басшысына бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға келісім беру туралы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ұсыныс хаты талқыланды.

Сырым ауданы прокуратурасының жергілікті атқарушы органдарымен жер заңнамасын қолдануына жүргізілген тексеру кезінде анықталған заңбұзушылықтарға қатысты ұсынысы негізінде, Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Өтеген Уашевқа қатысты тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде, аталған тұлғаның іс әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілерінің анықталмауына байланысты, оған қатысты қозғалған тәртіптік іс тоқтатылды.

Ақжайық аудандық жер қатынастары бөлімінде жүргізілген тексеру барысында анықталған, Бөлім басшысы Айдынгали Елеусиновтың тарапынан рұқсат беру түріндегі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қызмет алушының құқығын бұзып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін А.Елеусиновқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Ақжайық ауданының әкіміне ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа, Білім беру бөлімінің қарамағындағы бағынышты тұлғаларынан ақша жинау фактісі бойынша, Орал қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасары Жанна Сахипкерееваға қатысты тәртіптік ісі қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 2) тармақшасымен көзделген мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, аталған тұлғаға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Орал қаласының білім беру бөлімі басшысына ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

Әдеп жөніндегі кеңесімен ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 17.07.2017 жылғы №33 шешімі негізінде, Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті басшысына қолданылған «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға келісім беру туралы ұсыныс хатын талқыланып, қорытындысы бойынша мерзімінен бұрын тәртіптік жазаны алуға келісім беруден бас тарту туралы шешім қабылданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-otyrysy-tkizildi-781463](https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-otyrysy-tkizildi-781463)