---
title: "Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы"
description: "2017 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-09-14T23:15:02+00:00"
modified: "2017-09-14T23:15:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-otyrysy-778888"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-otyrysy-778888/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

> 2017 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық...

2017 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С.С.Мүксімовтің қатысуымен **Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы** өткізілді.

**Кеңес отырысына** Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С.С.Мүксімов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Исақов, сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен жергілікті және республикалық деңгейдегі телеарналар мен басылымдар өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Әдеп жөніндегі кеңестердің мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықбұзушылықтар профилактикасының сапалы құралы екені айтылды.

Жалпы, өткен кезеңмен еліміздің барлық өңірлерінде Әдеп жөніндегі кеңесінің (әрі қарай - Кеңес) 95 отырысы өткізіліп, 650 мәселе қаралды.

Қаралған тәртіптік істер бойынша 1210 ұсыным беріліп, бүгінгі таңда 262 лауазымды тұлға тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 122 *(әдеп кодексі талаптарын сақатамағаны бойынша)*, ал 140*(мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық).*

*Аналогиялық тұрғыдан қарасақ, 8 ай бойынша* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің **Батыс Қазақстан** облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің (әрі қарай - Кеңес) 7 отырысы өткізіліп, 52 мәселе қаралды.

Қаралған тәртіптік істер бойынша 23 ұсыным беріліп, бүгінгі таңда барлық ұсыным орындалып 23 лауазымды тұлға тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 16 *(мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық)*, ал 7 *(әдеп кодексі талаптарын сақатамағаны бойынша).*

Кеңес отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:
- Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзушылық профилактикасы мәселесі бойынша 2016 жылы және 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмысының нәтижелері;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылғы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою шаралары бойынша атқарылған жұмыстар бойынша;
- Батыс Қазақстан облысындағы мекемелер мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жай-күйі бойынша мәселелер қаралды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері жөнінде статистикалық мәлімет келтірілді.

2017 жылдың қыркүйек айына қарасты мәліметке сәйкес, облыс бойынша ішкі талдау 84 мемлекеттік орган және 1 кәсіпорындармен жүргізіліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 61,7% кемігені аталды. Жүргізілген барлық ішкі талдау барысында 42 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 58,4% кеміген. Яғни, өткен жылдың ұқсас кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 222 мемлекеттік орган мен кәсіпорындарда жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 101 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғаны атап өтілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-otyrysy-778888](https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-otyrysy-778888)