---
title: "Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті"
description: "2017 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қа..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-01-30T01:34:48+00:00"
modified: "2017-01-30T02:13:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tti-752889"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tti-752889/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

> 2017 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қа...

2017 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасы» ММ-нің басшысы Д.К. Ахметжанованың қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы есебі тыңдалды және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің басшысы Р.Ш. Әубәкіровке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде шешім әзірлеу мен қабылдау кезінде «Нұр және Д» ЖШС-не заңсыз артықшылық көрсетіп, кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға бюджеттік қаражатын аудару арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген жәрдем көрсетті.

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустириялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы Қ.Н. Бегиловке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол тексеру кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті ұсынымдар мен шешімдер қабылдады.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/vk2_2140.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tti-752889](https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tti-752889)