---
title: "Әдеп жөніндегі кеңес отырысы"
description: "2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-10-18T05:50:56+00:00"
modified: "2017-10-18T05:50:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-es-otyrysy-782125"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-es-otyrysy-782125/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдеп жөніндегі кеңес отырысы

> 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/6ElOX4U77n4Q0wBBY6FHKF2FSOOn80.jpg) 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары О.Т. Омаровқа қатысты тәртіптік іс қаралды, ол шешім дайындау мен қабылдау кезінде заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, мемлекеттік сатып алудың қатысушылардың құқықтарын бұзды, яғни мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасады.

Сондай-ақ, қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы Ерейментау ауданының әкімі Е.Б. Нұғымановтың есебі тыңдалды.

Одан басқа, «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ-нің басшысы Б. Бұлашевтың және «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-нің басшысы Д. Әміреновтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қорытындылары және оларды алдын алу жөніндегі шаралар туралы есептері және Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілдің есебі тыңдалды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешім мен ұсынымдарды қабылдады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-es-otyrysy-782125](https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-es-otyrysy-782125)