---
title: "Әдеп жөніндегі кеңес"
description: "2018 жылы 6 желтоқсанда мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекетт..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2018-12-24T08:59:11+00:00"
modified: "2018-12-24T08:59:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-es-822416"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-es-822416/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдеп жөніндегі кеңес

> 2018 жылы 6 желтоқсанда мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекетт...

2018 жылы 6 желтоқсанда мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесі өтті.

Кеңесте «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы - М.Т. Мұратбеков «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі департаменттің іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» сөз сөйледі.

Департаментте жүйелі және кешенді негізде Департамент қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жол бермеу бойынша барлық мүмкін болатын шаралар қабылдануда. 2012 жылдан бастап Департаменттің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс фактілері тіркелген жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-es-822416](https://yvision.kz/kk/post/dep-zh-nindegi-ke-es-822416)