---
title: "Қазақстан медицинасы: Жаңа жетістіктер мен болашаққа жоспарлар"
description: "Өмір сүру ұзақтығы артты, дәрігерлер тапшылығы азайды. Медицина саласындағы прогресс пен өзгерістер туралы толық шолу."
author: "akorda"
published: "2025-08-25T12:12:35+00:00"
modified: "2025-08-25T12:12:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/densaulyk-saktau-salasy-kazakstanda-omir-suru-sapasy-zhaksaruda-1016653"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/densaulyk-saktau-salasy-kazakstanda-omir-suru-sapasy-zhaksaruda-1016653/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан медицинасы: Жаңа жетістіктер мен болашаққа жоспарлар

> Өмір сүру ұзақтығы артты, дәрігерлер тапшылығы азайды. Медицина саласындағы прогресс пен өзгерістер туралы толық шолу.

Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды. **АқмаралӘлназарова:** ➤ өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты. Бұл – әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді. ➤ алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді. Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр. 2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайды. ➤ медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берді. Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады. Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады. **Мемлекет басшысы:** «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді ету, аса маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді. [t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/densaulyk-saktau-salasy-kazakstanda-omir-suru-sapasy-zhaksaruda-1016653](https://yvision.kz/kk/post/densaulyk-saktau-salasy-kazakstanda-omir-suru-sapasy-zhaksaruda-1016653)