---
title: "Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы түсіндірілді"
description: "2016 жылдың 4 сәуірде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағидатын қа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-04-04T08:17:26+00:00"
modified: "2016-04-04T08:17:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-salasyny-yzmetkerlerine-r-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-za-y-t-sindirildi-687412"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-salasyny-yzmetkerlerine-r-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-za-y-t-sindirildi-687412/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы түсіндірілді

> 2016 жылдың 4 сәуірде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағидатын қа...

2016 жылдың 4 сәуірде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағидатын қалыптастыру мақсатында облыстық Кардиологиялық орталығында қызметкерлере арналған семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі М.Харесова қатысты.

Семинар-кеңес барысында ол қатысушыларға 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстердегі өзгерістерімен және «1494» сенім телефонының жұмысымен таныстырды.

Семинар-кеңестің соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-salasyny-yzmetkerlerine-r-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-za-y-t-sindirildi-687412](https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-salasyny-yzmetkerlerine-r-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-turaly-za-y-t-sindirildi-687412)