---
title: "«Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тетіктері: беталыстары мен даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция"
description: "2017 жылдың 24 тамызда денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-08-24T06:35:28+00:00"
modified: "2017-08-24T06:35:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-salasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyldy-zamanaui-tetikteri-betalystary-men-dam-776585"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-salasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyldy-zamanaui-tetikteri-betalystary-men-dam-776585/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тетіктері: беталыстары мен даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

> 2017 жылдың 24 тамызда денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру...

**2017 жылдың 24 тамызда** денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейне байланыс арқылы **«Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тетіктері****: беталыстары мен даму болашағы****»** тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Аталған шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары және медициналық мекемелердің басшылары қатысты.

Шара соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен оған бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді пысықтау тапсырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-salasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyldy-zamanaui-tetikteri-betalystary-men-dam-776585](https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-salasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-is-imyldy-zamanaui-tetikteri-betalystary-men-dam-776585)