---
title: "Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты"
description: "Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық ал..."
author: "elge.zhaqyn"
published: "2023-07-18T08:11:05+00:00"
modified: "2023-07-18T08:11:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-ministrligi-d-ri-d-rmek-obdishasyny-ramyn-zha-artty-991713"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-ministrligi-d-ri-d-rmek-obdishasyny-ramyn-zha-artty-991713/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты

> Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық ал...

![Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты](https://storage.yvision.kz/images/user/573964/1062bfc7d4b0c9fb7d07152501e237.png)

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар енгізлді: дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес), эластикалық бинттер, таңғыш пакет, медициналық бұласыр, доғал қайшы, металл, өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі, бір реттік мұз пакеті, ысқырық, шам, дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр, блокнот, қарындаш, дымқыл майлықтар (антисептикалық), қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бойынша пайдалану жөніндегі ұсынымдар.

Бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықты қоса бере отырып, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты зардап шеккен адамның денесінің зардап шеккен учаскесін шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.

Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен бекітілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-ministrligi-d-ri-d-rmek-obdishasyny-ramyn-zha-artty-991713](https://yvision.kz/kk/post/densauly-sa-tau-ministrligi-d-ri-d-rmek-obdishasyny-ramyn-zha-artty-991713)