---
title: "Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті"
description: "Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-12-19T02:26:58+00:00"
modified: "2014-12-19T02:26:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-monako-hanshayymymen-suretke-t-sti-451260"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-monako-hanshayymymen-suretke-t-sti-451260/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті

> Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен...

[!\[Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/12/20141219084826-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/12/20141219084826.jpg)

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен «селфи» үлгісінде суретке түсті. Спортшы ақсүйек әулеттің өкілімен түскен фотосуретін Инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.

«Монако ханшайымы — Александра Ганноверскаямен! Бұл бірінші кездесуіміз емес, бірақ бірінші селфиіміз!», — деп жазған спортшы. Жас ханшайым Александра Ганноверская да мәнерлеп сырғанаумен айналысады, оның футболға қызығатыны да белгілі. Оның анасы — Монако ханшайымы Каролина Луиза Маргарита (Caroline Louise Marguerite) Ренье ІІІ және ханшайым Грейстің үлкен қызы.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-monako-hanshayymymen-suretke-t-sti-451260](https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-monako-hanshayymymen-suretke-t-sti-451260)