---
title: "Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті"
description: "Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен «..."
author: "kazinform_kz"
published: "2014-12-18T23:40:09+00:00"
modified: "2014-12-18T23:40:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-monako-hanshayymymen-suretke-t-sti-451190"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-monako-hanshayymymen-suretke-t-sti-451190/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті

> Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен «...

![Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform/LWRPbDIjT3y3ZM1CS7CL6X7710G2uA.jpg)

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен «селфи» үлгісінде суретке түсті. Спортшы ақсүйек әулеттің өкілімен түскен фотосуретін Инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.

«Монако ханшайымы - Александра Ганноверскаямен! Бұл бірінші кездесуіміз емес, бірақ бірінші селфиіміз!», - деп жазған спортшы.

Жас ханшайым Александра Ганноверская да мәнерлеп сырғанаумен айналысады, оның футболға қызығатыны да белгілі. Оның анасы - Монако ханшайымы Каролина Луиза Маргарита (Caroline Louise Marguerite) Ренье ІІІ және ханшайым Грейстің үлкен қызы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-monako-hanshayymymen-suretke-t-sti-451190](https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-monako-hanshayymymen-suretke-t-sti-451190)