---
title: "Денис Тен — мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік рейтингісінде бесінші орында"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — 2013/2014 маусымдағы әлемдік рейтингіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Ден..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-13T23:35:49+00:00"
modified: "2014-02-13T23:35:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-m-nerlep-syr-anaushylardy-lemdik-reytingisinde-besinshi-orynda-400580"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-m-nerlep-syr-anaushylardy-lemdik-reytingisinde-besinshi-orynda-400580/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Денис Тен — мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік рейтингісінде бесінші орында

> АСТАНА. ҚазАқпарат — 2013/2014 маусымдағы әлемдік рейтингіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Ден...

[!\[Денис Тен — мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік рейтингісінде бесінші орында\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140213233535-1-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140213233535-1.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2013/2014 маусымдағы әлемдік рейтингіде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 5 орында. Бүгін Сочиде күштілер ондығына кіретін спортшылардан қысқа бағдарламада Олимпиада мұз айдынына Теннен басқа тағы 6 мәнерлеп сырғанау шеберлері шығады, деп хабарлады Sports.kz.

[olympic.khabar.k](http://www.olympic.khabar.kz/)[z](http://www.olympic.khabar.kz/) ақпаратына қарағанда, Денис Теннің атақты қарсыластарының арасында — әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған, 2013-2014 маусымдағы Гран при финалының жеңімпазы Юдзуру Ханю, үш мәрте әлем чемпионы Патрик Чан, Еуропа-2013 чемпионы, Әлем чемпионаты-2013 қола жүлдегері Хавьер Фернандес, Олимпиада-2010 қола жүлдегері Дайсукэ Такахаси, Тацуки Матида және Михал Бржезина бар. 1. Юдзуру Ханю (Жапония) — 4558 ұпай 2. Патрик Чан (Канада) — 4368 3. Хавьер Фернандес (Испания) -3903 ұпай 4. Дайсукэ Такахаси (Жапония) — 3529 5. Денис Тен (қазақстан) — 3511 6. Тацуки Матида (Жапония) — 3067 7. Михал Бржезина (Чехия) — 3065 8. Такахико Козука (Жапония) — 2800 9. Такахито Мура (Жапония) — 2768 10. Константин Меньшов (Ресей) — 2622 43. Абзал Рақымғалиев (Қазақстан) — 1151.

Басты сөздер: [Олимпиада](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1382) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-m-nerlep-syr-anaushylardy-lemdik-reytingisinde-besinshi-orynda-400580](https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-m-nerlep-syr-anaushylardy-lemdik-reytingisinde-besinshi-orynda-400580)