---
title: "Денис Тен Францияда «Trophée Eric Bompard» кезеңіне қатысады"
description: "2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Де..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-11-18T21:06:43+00:00"
modified: "2014-11-18T21:06:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-franciyada-trophee-eric-bompard-keze-ine-atysady-440905"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-franciyada-trophee-eric-bompard-keze-ine-atysady-440905/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Денис Тен Францияда «Trophée Eric Bompard» кезеңіне қатысады

> 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Де...

[!\[Денис Тен Францияда «Trophée Eric Bompard» кезеңіне қатысады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20141118060822-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20141118060822.jpg)

2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен 21-23 қараша аралығында Францияда өтетін «Trophée Eric Bompard» гран-приі сериясы кезеңіне қатысады. Бұл туралы спортшының фан-клубының Instagram-дағы парақшасында хабарланған.

«Денис Чиакогдағы Skate America гран-при сериясының бірінші кезеңіне қатысқан. Енді ол 21-23 қараша аралығында Францияда өтетін кезеңге қатысады», делінген хабарламада. Сондай-ақ ақпаратта Денис Теннің Стефан Ламбьельдің «Мұзайдын аңыздары» шоуының актерлік құрамына кіргені туралы айтылған. Бұл шоу жақын арада Франция, Швейцария және басқа да Еуропа елдерінің мұзайдындарында өнер көрсетпек.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-franciyada-trophee-eric-bompard-keze-ine-atysady-440905](https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-franciyada-trophee-eric-bompard-keze-ine-atysady-440905)