---
title: "Денис Тен 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу жөніндегі өтінішті таныстырды"
description: "Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем біріншілігінің вице-чемпионы Денис Тен 2022 жылы Қысқы Ол..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-21T02:48:10+00:00"
modified: "2014-02-21T02:48:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-2022-zhyly-ys-y-olimpiada-oyyndaryn-almatyda-tkizu-zh-nindegi-tinishti-tanystyrdy-401775"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-2022-zhyly-ys-y-olimpiada-oyyndaryn-almatyda-tkizu-zh-nindegi-tinishti-tanystyrdy-401775/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Денис Тен 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу жөніндегі өтінішті таныстырды

> Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем біріншілігінің вице-чемпионы Денис Тен 2022 жылы Қысқы Ол...

[!\[Денис Тен\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140215190733-300x182.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140215190733.jpg)

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем біріншілігінің вице-чемпионы Денис Тен 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу жөніндегі өтінішті таныстырды.

«Олимпиада ойындары — бірегей, ерекше шара. Оны өткізу — үлкен жауапкершілік. 2022 жылғы Олимпиада ойындары менің халқым үшін ұмытылмас мереке болады деп ойлаймын», — деді Д.Тен. Ұлттық олимпиада комитеті атқарушы комитетінің мүшесі, Алматы өкілі Андрей Крюковтің айтуынша, Қазақстанда 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын жоғары деңгейде өткізетін барлық мүмкіндіктер бар. «2011-2013 жылдары біз халықаралық шаңғы қауымдастығының шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша бірнеше жарыстар мен шаралар өткіздік. Біздің басымдығымыз — Алматыда қысқы спорт түрлеріне қажетті спорт нысандарының басым бөлігі салынған. Жарыс кешендері Олимпиада ауылынан 30-35 шақырымдық жерде тұр», — деді А.Крюков. Оның сөзіне қарағанда, олимпиада саябағы қаланың солтүстік-шығысында салынады. Онда олимпиада ауылы, тілшілер үйі, керлингке, мәнерлеп сырғанауға, көрмелерге арналған нысандар мен Халықаралық Олимпиада комитетінің ғимараты орын теппек. «Қазіргі уақытта қонақтарды қабылдау мүмкіндігі шамалы, себебі қонақүйлер аздық етіп отыр. Дегенмен, оның 50 пайызы 2017 жылы Алматыда Дүниежүзілік Универсиадаға дейін салынады. Сочидегідей шағын отельдер пайдалануға беріліп, 8 мыңға тарта бөлме тұрғызылады», — деді ол.

СОЧИ. ҚазАқпарат - Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-2022-zhyly-ys-y-olimpiada-oyyndaryn-almatyda-tkizu-zh-nindegi-tinishti-tanystyrdy-401775](https://yvision.kz/kk/post/denis-ten-2022-zhyly-ys-y-olimpiada-oyyndaryn-almatyda-tkizu-zh-nindegi-tinishti-tanystyrdy-401775)