---
title: "Деніміз сау тұрғанда, жанымыз да сау болмақ!"
description: "Университетімде \"Қазақстан тарихы\" пәнінен беретін ұстазымның өз денсаулығына үлкен көңіл бөлетініне..."
author: "mudin"
published: "2016-03-29T23:33:33+00:00"
modified: "2016-04-01T08:08:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/denimiz-sau-t-r-anda-zhanymyz-da-sau-bolma-686198"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/denimiz-sau-t-r-anda-zhanymyz-da-sau-bolma-686198/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Деніміз сау тұрғанда, жанымыз да сау болмақ!

> Университетімде "Қазақстан тарихы" пәнінен беретін ұстазымның өз денсаулығына үлкен көңіл бөлетініне...

Университетімде "Қазақстан тарихы" пәнінен беретін ұстазымның өз денсаулығына үлкен көңіл бөлетініне таңданамын. Үлкен қоңырауда сөмкесінен контейнерін, термосын алып күш жинап алады. Сабаққа үлкен сөмкесімен келеді. Айтуы бойынша оның ішіне жұмысынан кейін жаттығуға баратын киімін нақтырақ айтқанда джиу-джитсу спортында киетін формасын салып алады екен. Студенттеріне де беретін кеңесі: спортмен шұғылдану, темекі шекпеу, арақ ішпеу. Осы кісіге қарап тұрып-ақ денсаулығының оның өмірінде ойнайтын үлкен рөлін әу бастан-ақ түсінгенін білуге болады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/0Y73T0b8R3b8G9Q4E0d1rH68fke90L.jpg)

Қазағым да денсаулықтың маңызын түсініп көптеген мақал-мәтелдер шығарған. Әр мақал-мәтелдің астарында жатқан үлкен мағына бар.

*Әуелгі байлық — ден саулық,*

*Екінші байлық — он саулық,*

*Үшінші байлық — ақ жаулық.*

 

*Денсаулық — зор байлық.*

 

*Жарлының байлығы — Дәнінің саулығы.*

 

*Ауру жайын баққан біледі,*

*Аңның жайын атқан біледі.*

 

*Аурудың жақсысы жоқ,*

*Дәрінің тәттісі жоқ.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/denimiz-sau-t-r-anda-zhanymyz-da-sau-bolma-686198](https://yvision.kz/kk/post/denimiz-sau-t-r-anda-zhanymyz-da-sau-bolma-686198)