---
title: "Дені сау ұлттың – тәні сау!"
description: "Ағымдағы жылғы 31 наурызда облыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын той..."
author: "finpolsko"
published: "2016-04-01T04:53:06+00:00"
modified: "2016-04-01T04:53:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/deni-sau-ltty-t-ni-sau-686812"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/deni-sau-ltty-t-ni-sau-686812/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дені сау ұлттың – тәні сау!

> Ағымдағы жылғы 31 наурызда облыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын той...

![Дені сау ұлттың – тәні сау!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/nLe61WRbU2jB9cnY8csF2wA9d1vQTz.jpg)

Ағымдағы жылғы 31 наурызда облыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шеңберінде мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден «Қазақстан – дені сау ұлт» жарысы өтті.

Мемлекеттік органдардың алдарына жан салмайтын, кілең мықтыларының басын «Дельфин» спорт залы біріктірді. Сайыстың шарты бойынша жекелей сында ерлер 50 метр, ал қыздар 25 метр қашықтықты бағындырып, 2+2 эстафеталық жарысында да бақ сынасты.

![Дені сау ұлттың – тәні сау!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/KykuZmuCsp2jKr9BQtTTkjNHbs6HjC.jpg)

Жүзу шеберліктерін көрсетуден Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің мамандары да шет қалмады. Дегенмен әріптестеріміз топ жармаса да, өздерінің өнерлерімен облыс азаматтарын салауатты өмір салтын ұстануға және бұқаралық спорт шараларында белсенділік танытуға шақырды.

Жалпы сайысқа облыстық мемлекеттік мекемелердің 13 құрамасы қатысты.

![Дені сау ұлттың – тәні сау!](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2FKQth2lwgJ799F1wkwz98BuWMICUi.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/deni-sau-ltty-t-ni-sau-686812](https://yvision.kz/kk/post/deni-sau-ltty-t-ni-sau-686812)