---
title: "Дене шынықтыру және спорт басқармасындағы семинар-кеңес"
description: "2016 жылдың 14 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдасты..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-03-16T04:21:30+00:00"
modified: "2016-03-16T04:21:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dene-shyny-tyru-zh-ne-sport-bas-armasynda-y-seminar-ke-es-683891"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dene-shyny-tyru-zh-ne-sport-bas-armasynda-y-seminar-ke-es-683891/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дене шынықтыру және спорт басқармасындағы семинар-кеңес

> 2016 жылдың 14 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдасты...

![Дене шынықтыру және спорт басқармасындағы семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/p7rrUwfbTtgUBJG4o2ZwM3RzawbA3c.jpg)

2016 жылдың 14 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, сонымен қатар басқарма қарамағындағы спорт ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Ресми өкіл семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама бойынша түсінік беріп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселелерге назар аударды.

Семинар-кеңес барысында спорт ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа және оның алдын алуға қатысты өз ойларымен бөлісті, сонымен қатар туындаған сұрақтарына нақты жауап алды.

![Дене шынықтыру және спорт басқармасындағы семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/6W1cb14t71w4y0D8du77Ei14oH68EN.jpg)

![Дене шынықтыру және спорт басқармасындағы семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/QArYtOMPQRxCyNjHzSoBuW9eG5Vxi0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dene-shyny-tyru-zh-ne-sport-bas-armasynda-y-seminar-ke-es-683891](https://yvision.kz/kk/post/dene-shyny-tyru-zh-ne-sport-bas-armasynda-y-seminar-ke-es-683891)