---
title: "Деменцияның басты себебі - алкоголь"
description: "Зерттеу нәтижелері Lancet Public Health журналында жарияланды.Ғалымдар Франциядағы 57353 аурухананың..."
author: "zhazbalar"
published: "2018-02-22T04:18:44+00:00"
modified: "2018-02-22T04:18:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/demenciyany-basty-sebebi-alkogol-797477"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/demenciyany-basty-sebebi-alkogol-797477/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Деменцияның басты себебі - алкоголь

> Зерттеу нәтижелері Lancet Public Health журналында жарияланды.Ғалымдар Франциядағы 57353 аурухананың...

Зерттеу нәтижелері Lancet Public Health журналында жарияланды.

Ғалымдар Франциядағы 57353 аурухананың медициналық көрсеткіштерін талдады. Зерттеудің барлық қатысушыларына ерте деменция диагнозы қойылды. Зерттеушілердің айтуынша, науқастардың 38,9 пайызы ішімдікке салынған, ал 17,6 пайызы ішімдікке байланысты аурулардан зардап шегеді.

Осылайша, ерте деменциясы бар науқастардың 56,5% -ында алкогольді қолдану мен аурудың дамуының арасындағы тікелей байланысы анықталды. Ғалымдар мұндай қорытындылардың ерлер де, әйелдер де бірдей байқалатынын атап көрсетеді.

Сарапшылар өз жұмысында халық арасында алкогольді азайту және алкоголизммен күресте уақтылы медициналық араласуды өткізу жөніндегі шаралардың қажеттігін атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/demenciyany-basty-sebebi-alkogol-797477](https://yvision.kz/kk/post/demenciyany-basty-sebebi-alkogol-797477)