---
title: "Демалыс күндері полицейлер жүргізген рейдтер нәтижесінде 14 солтүстікқазақстандық маскүнемдігі үшін жүргізуші құқығынан 3 жылға айырылды"
description: "Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полицейлері демалыс күндері (15, 16 тамыз) күшейтілген түрде қы..."
author: "dvd_sko"
published: "2015-08-21T03:00:41+00:00"
modified: "2015-08-21T03:00:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/demalys-k-nderi-policeyler-zh-rgizgen-reydter-n-tizhesinde-14-solt-stik-aza-standy-mask-nemdigi-shin-531850"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/demalys-k-nderi-policeyler-zh-rgizgen-reydter-n-tizhesinde-14-solt-stik-aza-standy-mask-nemdigi-shin-531850/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Демалыс күндері полицейлер жүргізген рейдтер нәтижесінде 14 солтүстікқазақстандық маскүнемдігі үшін жүргізуші құқығынан 3 жылға айырылды

> Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полицейлері демалыс күндері (15, 16 тамыз) күшейтілген түрде қы...

![Демалыс күндері полицейлер жүргізген рейдтер нәтижесінде 14 солтүстікқазақстандық маскүнемдігі үшін жүргізуші құқығынан 3 жылға айырылды](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/qgq54PtV5QJTSltuJkQ8PG50S3RGCw.jpg)

Петропавл қаласы ІІБ жол-патрульдік полицейлері демалыс күндері (15, 16 тамыз) күшейтілген түрде қызмет өткерді. Облыс орталығының жолдарында мас күйдегі жүргізушілерді және Жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау мен олардың алдын алу бойынша рейдтер өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, екі демалыс күні ішінде өңір жолдарында Жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) 486 бұзушылығы анықталды. Олардың 317-сі өрескел бұзушылықтар (көлік тізгінінде отырып ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау, қарсы бетке шығу және басқалары). Көлік мас күйде басқарған 14 жүргізуші ұсталды.

СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәурен Қазбеков мәлімдегендей, 2015 жылдың басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 7 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алған, 1 адам қайтыс болып, 10 жарақат алған. Жалпы алғанда, үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде СҚО-ның жолдарында 134 ЖКО тіркелген, нәтижесінде 20 адам қайтыс болып, 169 жарақат алған. Полиция подполковнигі Қазбековтің айтуынша, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарының алдын алу мақсатында облыс және Петропавл қаласының жолдарында демалыс және мереке күндері тұрақты түрде рейдтер өткізіледі. Бұдан бөлек, өңірімізде айына кемінде бір рет «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Әкімшілік полицейлер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 608-бабына сәйкес «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыру қарастырылатынын ескертеді.

**Нұрбек Баекин,**

**СҚО ІІД баспасөз қызметі**

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/demalys-k-nderi-policeyler-zh-rgizgen-reydter-n-tizhesinde-14-solt-stik-aza-standy-mask-nemdigi-shin-531850](https://yvision.kz/kk/post/demalys-k-nderi-policeyler-zh-rgizgen-reydter-n-tizhesinde-14-solt-stik-aza-standy-mask-nemdigi-shin-531850)