---
title: "Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас!"
description: "Ақтаудың боқ қарыны, Алмас Алтай,Бітісің бөлек екен борбас нарша-ай.Шірнесіне шашалып «шешен» тілді..."
author: "saulesaule91"
published: "2015-01-28T08:05:52+00:00"
modified: "2015-01-28T08:46:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/degende-almas-altay-a-tau-almas-464725"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/degende-almas-altay-a-tau-almas-464725/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас!

> Ақтаудың боқ қарыны, Алмас Алтай,Бітісің бөлек екен борбас нарша-ай.Шірнесіне шашалып «шешен» тілді...

![Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас!](https://storage.yvision.kz/images/user/saulesaule91/Nh9UKTHQQ6VvuJPE1qFzl3T5gIVNAg.jpg)

***Ақтаудың боқ қарыны, Алмас Алтай,*** ***Бітісің бөлек екен борбас нарша-ай.*** ***Шірнесіне шашалып «шешен» тілдің,*** ***Көсемсисің Ток-Шоуда шалтай-балтай.*** ***Ши борбай жігіт ең ғой кеше ғана,*** ***Шел басып өн бойыңды балпай, жалпай,*** ***Бес айлығың салақтап экраннан,*** ***Буаз қатын секілді талтай, талтай.*** ***«Керек инфода» күйсейсің күндіз-түні,*** ***Көкірегіңді кере түс, шалқай, шалқай!*** ***Бұлайша теңемес ем, ұқсамаса*** ***Болмысың мен бітімің малға сонша-ай.***

***Эфирден «Қазақпын» деп безілдейсің,*** ***Ұлттық мүдде ең ұлық сезім дейсің.*** ***Былай шыға «Адаймын-Құдаймын» деп,*** ***Ат төбелі руыңды көзірлейсің.*** ***Құдайға ширк қосқан қылығыңмен,*** ***Орныңды жаһаннамнан әзірлейсің.***

***1987-нің семіз төлі,*** ***Байқаймын екі абысын емізгені.*** ***Әрі ақын, композитор, әрі әнші,*** ***Өнермен дейді жұрттар егіз сені.*** ***Керуеннің жанынан өткен халық,*** ***Домбыраңнан таниды тегіс сені.*** ***Айтпақшы, қасыңдағы Майлыбаев,*** ***Қазақ па еді, жоқ әлде кәріс пе еді?!*** ***Сыртың дүрдей болғанмен ішің қуыс,*** ***Дүйім жұрттың сенбісің дәріскері.*** ***«Астанада» ғаламтордан ғақлия айттың,*** ***«Еуразия 1»-де таптаурын таныс жолы.*** ***Орыстың көшірілген ток-шоуымен,*** ***Арыстың болмақсың ба намыскері!***

***Планшет — он үшінші мүшең сенің,*** ***Қолыңды қайда жүрсең кісендедің.*** ***Фотоға жатып түсіп, ішіп түсіп,*** ***Тышып түсіп, өнбеді-ау күш еңбегің.*** ***Өз өзіне өлердей ғашық болған,*** ***О тоба, неткен кінәз, кісі ең керім!!!***

***Дамбалсыз киетінің тар джинсы еді,*** ***Жалаң бұт жалт-жұлт еткен болдың сері.*** ***Үш арсызбен дос болып семіріпсің,*** ***Тамаққа болу керек талғам шегі.*** ***Момындай майда сақал қойсаң-дағы,*** ***Мунафиқ қып танытады мордаң сені.***

![Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас!](https://storage.yvision.kz/images/user/saulesaule91/33ZSWwSe1UKWP1k8qCKkv2WfTslY2H.jpg)

***Дегенде Алмас Алтай, Ақтау Алмас,*** ***Ел жақтаған жігіттен мақтау қалмас.*** ***Дәл мендей сені ешкім даттай алмас,*** ***Шындықтан ешкім бірақ аттай алмас!*** ***Дамбалсыз күн суыққа жүремін деп,*** ***Дәрменіңді ап жүрме сақтай, Алмас!!!***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/degende-almas-altay-a-tau-almas-464725](https://yvision.kz/kk/post/degende-almas-altay-a-tau-almas-464725)