---
title: "«Әдебиет порталының» жаңа нұсқасының таныстырылымы"
description: "Астана қаласы Назарбаев университетінде Әдебиет порталы\" жаңа нұсқасының таныстырылымы өтті. Таны..."
author: "asema9713"
published: "2017-02-12T11:58:18+00:00"
modified: "2017-02-13T14:02:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/debiet-portalyny-zha-a-n-s-asyny-tanystyrylymy-755464"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/debiet-portalyny-zha-a-n-s-asyny-tanystyrylymy-755464/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Әдебиет порталының» жаңа нұсқасының таныстырылымы

> Астана қаласы Назарбаев университетінде Әдебиет порталы" жаңа нұсқасының таныстырылымы өтті. Таны...

Астана қаласы Назарбаев университетінде Әдебиет порталы" жаңа нұсқасының таныстырылымы өтті.

![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/293d6f2b786517128ba010c3b64157b2.JPG)

 

Таныстырылым кешіне әдебиет майталмандары Төлен Әбдік, Мырзатай Жолдасбеков, Алдан Смайыл, ақын Қалқаман Сарин сынды тұлғалармен қатар басқа да қаламгерлер келді. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/2e9bd458f713b098e057362e3ad81a4d.JPG)

 

Қонақтар әдеби кеш басталғанша, әдемі әуен аясында сыр-сұхбат құрып отырды. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/b9fb405a6e1cf2dcf91d47b717c9dce2.JPG)

 

Кешке Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та қатысып, өлең оқып берді. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/edb56a3d4b288016311b5c826ef8e9ec.JPG)

 

Танымал жазушы, драматург Төлен Әбдік те өзінің туындысын тарту етіп, портал ұжымына шығармашылық табыс тіледі. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/bd4f4f849c24e2dbadeb085f0a585042.JPG)

 

Әдеби кеш барысында күмбірлеген күй де орындалды. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/d51c4ebb52d2c91bf71646fd3c2ae0e3.JPG)

 

Көрермен қауым әдеби кештен әдемі әсер алып отырды. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/b3b481df8c5fb47c2757234922f4fd58.JPG)

 

Жаңа жобаның таныстырылымы тәмамдалғаннан соң портал жетекшісі, ақын Бауыржан Қарағызұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/fa6c850f593dc17e3b9027f499cf1171.JPG)

 

Кеш соңында келген қонақтар және портал ұжымы естелік суретке түсті. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/63adf80a9202d3ac342f2fb7381920f5.JPG)

 

Қонақ боп келген қоғам қайраткерлері арнайы ұйымдастырылған фуршетте бас қосып, әдемі әңгімелерін жалғастырды. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/11d2dddc6c256215c58745279b8f7342.JPG)

![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/a1d3facea8ba44642d9610322ef1ef84.JPG)

 

Фуршет басынан шетелдік қонақтар да табылды.

![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/11aaeb3b6b5b0815dca448692d77c9ce.JPG)

![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/c77dde15b74f9914646824d916c47cb5.JPG)

 

Осылайша "Әдебиет порталының" жаңа жобасының таныстырылымы жоғары деңгейде қорытындыланды. ![](http://adebiportal.kz/upload/1/2017/02/11/3bdcad41b468d9ba32fbee1797093b5f.JPG)

Материалда қолданылған суреттер http://adebiportal.kz порталынан алынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/debiet-portalyny-zha-a-n-s-asyny-tanystyrylymy-755464](https://yvision.kz/kk/post/debiet-portalyny-zha-a-n-s-asyny-tanystyrylymy-755464)