---
title: "Әдебиет әлсіз емес, мәселе — қоғамда"
description: "Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы: – Кезінде кеңес өкіметі тұсында идеологияға айрықша қызмет еткен саланың ..."
author: "makala"
published: "2014-09-11T03:24:07+00:00"
modified: "2014-09-11T03:24:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/debiet-lsiz-emes-m-sele-o-amda-429107"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/debiet-lsiz-emes-m-sele-o-amda-429107/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдебиет әлсіз емес, мәселе — қоғамда

> Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы: – Кезінде кеңес өкіметі тұсында идеологияға айрықша қызмет еткен саланың ...

![Әдебиет әлсіз емес, мәселе — қоғамда](http://static.nmn.kz/images/w264/media/upload/319/2014/09/10/57e242f6c77e768abcf58533b059d925.jpg)

Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы:

– Кезінде кеңес өкіметі тұсында идеологияға айрықша қызмет еткен саланың бірі әдебиет болды. Әде­биет­ке арқа сүйеген социалистік жү­йе тек қана пайдасын көргені бол­маса, одан залал шеккен жоқ. Ал енді бүгінгі таңда қатыгезденіп ба­ра жатқан қоғамның жүрегін жі­біту­ге келгенде әдебиет неге әлсіз­дік танытуда? Не себепті?

– Әдебиет әлсізденді дей ал­май­мын. Қоғамыңызда да, ада­мыңыз­да да әдебиетіңізді түсі­не­тіндей түйсік, ұғынатындай сезім­тал­дық, демек, жібитіндей жүрек бар ма? Гәп пен кеп осында. Қо­ға­мыңыздың да, адамыңыздың да жү­ректері тек ақшаға ғана жі­би­тіндей. Басқа Құдайға емес, «Ақ­ша-Құдайға» бас ұруға көшіп кет­тік. Әдебиет әлсізденген жоқ, әде­биетті әдейілеп әлсіздендірдік. Оның себебі толып жатыр. Олар­ды да айтып, жазып жүрміз ғой, қай­талағаннан қаймақ пайда бол­мас. Әдебиет әлсіздік танытып отыр­ған жоқ. Көбінесе қоғамыңыз жөн­сіздік, адамыңыз жолсыздық та­нытып отыр-ау. Басым жағдай­лар­да. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/component/content/article/4003-adebiet-alsiz-emes-masele-kogamda))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/debiet-lsiz-emes-m-sele-o-amda-429107](https://yvision.kz/kk/post/debiet-lsiz-emes-m-sele-o-amda-429107)