---
title: "Әдеби бағдарлама: Ә. Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»"
description: "Бүгін сіздердің назарларыңызға «Әдеби бағдарлама» жобасы аясында Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның ..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-03-24T04:21:18+00:00"
modified: "2022-03-24T04:21:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/debi-ba-darlama-aldybaev-men-apamny-balasymyn-963551"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/debi-ba-darlama-aldybaev-men-apamny-balasymyn-963551/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әдеби бағдарлама: Ә. Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»

> Бүгін сіздердің назарларыңызға «Әдеби бағдарлама» жобасы аясында Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның ...

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Әдеби бағдарлама» жобасы аясында Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның баласымын» романын ұсынамыз. Романда соғыстан кейінгі қиын кезеңдегі ауыл өмірі, балалық шақ суреттеледі. Бас кейіпкері – Алданыш атты бала, жетінші сынып оқушысы. Алданышты кішкентай кезінен нағашы әжесі бауырына салып, өзінің туған әкесін - жезде, анасын - әпке деп өседі. Оқиғаның басым бөлігі Алданыштың төңірегінде өрбиді. Шығарма балалар мен жасөспірімдерге арналған, тілі - жеңіл, сюжеті - қызықты. Кітапханаға келіңіздер, оқыңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/debi-ba-darlama-aldybaev-men-apamny-balasymyn-963551](https://yvision.kz/kk/post/debi-ba-darlama-aldybaev-men-apamny-balasymyn-963551)