---
title: "ДДҰ сарапшылары ҚР денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасына өте жақсы баға берді"
description: "Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен болған кездесуде ДДҰ-ның..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2015-08-21T07:23:33+00:00"
modified: "2015-08-21T07:23:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dd-sarapshylary-r-densauly-sa-tau-salasyn-damytu-a-arnal-an-densauly-zha-a-memlekettik-ba-darlamasyn-531940"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dd-sarapshylary-r-densauly-sa-tau-salasyn-damytu-a-arnal-an-densauly-zha-a-memlekettik-ba-darlamasyn-531940/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ДДҰ сарапшылары ҚР денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасына өте жақсы баға берді

> Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен болған кездесуде ДДҰ-ның...

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен болған кездесуде ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының аймақтық директорының Арнайы өкілі, жұқпалы аурулар бөлімі жетекшісінің орынбасары Недрет Эмироглу ханым ҚР ДСӘДМ 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына өте жақсы баға берді.

«Біз Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен таныстық. Бұл өте жақсы стратегиялық бағдарлама. Ол толығымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясатына сай дайындалған. Аталмыш бағдарлама Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының сапалы әрі серпінді дамуына ықпал етеді»

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dd-sarapshylary-r-densauly-sa-tau-salasyn-damytu-a-arnal-an-densauly-zha-a-memlekettik-ba-darlamasyn-531940](https://yvision.kz/kk/post/dd-sarapshylary-r-densauly-sa-tau-salasyn-damytu-a-arnal-an-densauly-zha-a-memlekettik-ba-darlamasyn-531940)