---
title: "Құдай, қазақтың тағдырын мынадай әумесердің қолына бере көрме!"
description: "Талай топасты көрдік. Бірақ, мынадайды бұрын-соңды көрмегем. Айтып тұрған сөзін қара: «Бибігүлді өмі..."
author: "laura_galymzhanova"
published: "2021-05-24T09:11:40+00:00"
modified: "2021-05-24T09:30:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/day-aza-ty-ta-dyryn-mynaday-umeserdi-olyna-bere-k-rme-936317"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/day-aza-ty-ta-dyryn-mynaday-umeserdi-olyna-bere-k-rme-936317/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құдай, қазақтың тағдырын мынадай әумесердің қолына бере көрме!

> Талай топасты көрдік. Бірақ, мынадайды бұрын-соңды көрмегем. Айтып тұрған сөзін қара: «Бибігүлді өмі...

Талай топасты көрдік. Бірақ, мынадайды бұрын-соңды көрмегем. Айтып тұрған сөзін қара: «Бибігүлді өмірімде көрген емеспін, үйге бізді неге іздеп келмейді» дейді. О құдай, мына адам тағы өзін ұлтшылмын, көшбасшымын дей ме??? Анасының ішінде жатқан қызды тастап кеткен, жетімдер үйіне өтіп кеткенде артынан іздемеген әкені Бибігүл өзі іздеп келуі керек пе сонда? Қайта іздеп, телефон соғыпты, «әке, мен сенің қызыңмын ғой» деп айтыпты. Мынадай әкемен бірге өскенше, мынадай әкеден тәрбие алғанша, Бибігүлдің жетімдер үйінде өскені әлдеқайда жақсы болған екен. Құдай қағыпты қайта.

Жанболаттың өзі де әке жолын қуған жігіт. Әкесі секілді ол да бірінші әйелін кішкентай қызымен тастап кетті. «Екі әйелден туған қыздарым бір-бірімен жақсы араласады» деп өтірікті судай ағызып отыр. Әй, антұрған-ай... Құдайдан қорықсаңшы!

Осындай жауапсыз, ақылсыз еркектердің кесірінен өкінішке қарай әйелдер мен балалар зардап шегеді. Қаншама бала тірі жетім болып жүр. Құдай, қазақтың тағдырын мынадай әумесердің қолына бере көрме! Халыққа сана беріп, көзін аш. Басқа тілегім жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/day-aza-ty-ta-dyryn-mynaday-umeserdi-olyna-bere-k-rme-936317](https://yvision.kz/kk/post/day-aza-ty-ta-dyryn-mynaday-umeserdi-olyna-bere-k-rme-936317)