---
title: "Дәстүрлі «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтті"
description: "Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтт?..."
author: "journalist_n"
published: "2025-05-13T08:05:38+00:00"
modified: "2025-05-13T08:05:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dasturli-semey-open-2025-respublikalyk-pikirsayys-turniri-otti-1013996"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dasturli-semey-open-2025-respublikalyk-pikirsayys-turniri-otti-1013996/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дәстүрлі «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

> Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтт?...

**Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған «SEMEY OPEN 2025» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/e8c7f6196da9b51951b377eaa2768aa3.jpg?width=1600&height=1065)

Республикалық деңгейде өткен бұл зияткерлік сайысқа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ Абай облысынан келген 60-қа жуық пікірсайысшы қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/e12ceba2136b1f3cde4bac777a39db18.jpg?width=1206&height=670)

Турнир нәтижесінде Мирам Тұрысбеков (Абай облысы) пен Хасанов Еркебұлан (ШҚО) үздік шығып, бас жүлдені иеленді. Жеңімпаздарға 250 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/40539fce5d8767088f854e7290adf3c8.jpg?width=1206&height=661)

Сонымен қатар, Мирам Тұрысбеков «Үздік спикер» атанды.

Финалист атанған топтар қатарында келесі командалар болды:

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/f00c2bd5dd6154d913bccda7287683bc.jpg?width=1200&height=1600)

Бинұр Ахатқызы (Алматы қаласы) мен Амир Өміржанов (Астана қаласы);

Қазез Жұмаханов (Абай облысы) мен Жігер Сарсенбаев (Шығыс Қазақстан облысы);

Асылжан Рымқұлов (Абай облысы) мен Нұрхан Ералы (Павлодар облысы).

Сонымен бірге, «Жастар алаңында» Шығыс Қазақстан облысы атынан қатысқан Алмасұлы Мерхат пен Бақыт Баянды жеңімпаз атанды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dasturli-semey-open-2025-respublikalyk-pikirsayys-turniri-otti-1013996](https://yvision.kz/kk/post/dasturli-semey-open-2025-respublikalyk-pikirsayys-turniri-otti-1013996)