---
title: "Дарынды дәрігер"
description: "Дарынды дәрігер \"Дүниеде ен маңызды мамандыққайсысы\" деген сұраққа бәріміз дәрігер деп жауап кайтара..."
author: "bota88"
published: "2014-03-13T12:08:00+00:00"
modified: "2014-03-13T12:08:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/daryndy-d-riger-405124"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/daryndy-d-riger-405124/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дарынды дәрігер

> Дарынды дәрігер "Дүниеде ен маңызды мамандыққайсысы" деген сұраққа бәріміз дәрігер деп жауап кайтара...

Дарынды дәрігер "Дүниеде ен маңызды мамандыққайсысы" деген сұраққа бәріміз дәрігер деп жауап кайтаратынымыз сөзсіз.Себебі, бәріміздің ен басты байлыгымыз солардың қолында. Танiмiз ауырса да, жанымыз ауырса да дәрігерге барамыз. Дәрігер науқастың дұрыс емін тауып, жанын тыныштандырып, болашағына үмітін арттырады. Дәрігерлердің көбін көрдім, пайда табу мақсатында жоқ ауруды бар дегендерді де, байсың, кедейсің деп бөлетінін де, дөрекілік мінезділерди де, білімсізiн де. Осы себептен шығар, халқымыздың көбі дерттің емін бақсы, емшілерден іздейтiнi. Дегенмен арамызда дарынды, нағыз дәрігерге тән қасиеттерге ие, дәрігерлікты кәсіп қылып отырган азаматтар да бар. Соларға айтар алғысым шексіз! Олар әрдайым ізденіс жолында. Медицинаны қаражат көзіне айналдырмай, Алланың алдында сауап үшін ғана қызмет етеді. Соның бірі хирург маманы,көз ауруларын емдейтын, тәжірибесі мол, дарынды да, жоғары білікті ағамыз. Рахмет, ісіңіз алға бассын!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/daryndy-d-riger-405124](https://yvision.kz/kk/post/daryndy-d-riger-405124)