---
title: "Дарынды балғын үшін зор келешек"
description: "Дарынды балғын үшін зор келешек «Айгөлек» бағдарламасы – бұл қазылар алқасы жас ән мен би өкілдеріні..."
author: "CRMI"
published: "2015-07-28T23:34:06+00:00"
modified: "2015-07-29T00:35:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/daryndy-bal-yn-shin-zor-keleshek-525591"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/daryndy-bal-yn-shin-zor-keleshek-525591/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дарынды балғын үшін зор келешек

> Дарынды балғын үшін зор келешек «Айгөлек» бағдарламасы – бұл қазылар алқасы жас ән мен би өкілдеріні...

**Дарынды балғын үшін зор келешек**

«Айгөлек» бағдарламасы – бұл қазылар алқасы жас ән мен би өкілдерінің дарынын бағалайтын «Қазақстан» ұлттық телеарна эфиріндегі балалар фестивалі.

Жаңбырбай Әділхан, Баянауыл ауданының М.Ж. Көпей атындағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы, әрі шоқтығы биік талант иесі. 2014 жылы облыстық «Жауқазын», «Жалын» сайыстарында жүлделі бірінші орынға ие болды. Сонымен қоса, Жастар Бастамаларын Дамыту Орталығының ұйыдастыруымен 2015 жылдың наурызында өткен Қазақстанның шығармашылық жастарының I фестивалінде жергілікті іріктеу турынан сәтті өткен болатын. Содан кейін ‘вокал’ номинациясының жеңімпазы ретінде Алматының жазғы мәдениет Шабыт театрында тамаша мүмкіндікке қол жеткізіп, Марсель әншімен және Қазақстан халық әртісі Роза Рымбаевамен бір сахнада ән шырқады.

Берілген фестивальдің қоюшы режиссері Ғалия Байбосынова бозбала бойындағы қабілетті байқап, биылғы жылдың 23-ші тамызында өтетін теледидарлық «Айгөлек» бағдарламасына қатысуға шақырды. Әділхан дайындығына бар зер күшін салуда. Көркем костюм, батыл мінез, онымен қоса «Сәлем саған, туған ел» және жерлесі Дюсенов Бағадат жазған «Баянауыла» композициялары – осының бәрін ол үлкен абыроймен көрермен көзіне паш етеді. Біз, өңірімізде Павлодар облысының атын республикалық деңгейде шығарып жатқан жас және талантты азаматтар бар екенін мақтан тұтамыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/daryndy-bal-yn-shin-zor-keleshek-525591](https://yvision.kz/kk/post/daryndy-bal-yn-shin-zor-keleshek-525591)