---
title: "Дархан Закарин, аудандық мәслихат депутаты"
description: "Жаңақала аудандық \"Nur Otan\" партиясының аудандық филиалында аудандық филиалдың төрағасы Н.Қарағойш..."
author: "zhangali.nurotan.kz"
published: "2021-02-12T07:24:11+00:00"
modified: "2021-02-12T07:24:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/darhan-zakarin-audandy-m-slihat-deputaty-921912"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/darhan-zakarin-audandy-m-slihat-deputaty-921912/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дархан Закарин, аудандық мәслихат депутаты

> Жаңақала аудандық "Nur Otan" партиясының аудандық филиалында аудандық филиалдың төрағасы Н.Қарағойш...

Жаңақала аудандық "Nur Otan" партиясының аудандық филиалында аудандық филиалдың төрағасы Н.Қарағойшиннің қатысуымен фракция отырысы оздырылды. Фракция отырысында "Өзгерістер жолы. Әр азаматқа лайықты өмір" атты "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша ауданымыздың өркендеуі жолында жасақталған Жол картасы талқыланды. Жол картасының іс-шаралар жоспарында ауданымыздың әр саласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналып ауданымызда іске асырылатын нақты көрсеткіштер көрсетілген. Іс- шараларды жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп орындау .орындалуына жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету үшін фракция мүшелері әр салалар бойынша жауапты болып бекітілді. Ендеше бекітіліп берілген салалар бойынша аудандық мәсихат депутаттары ретінде бар күш-жігерімізді ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсап, үлесімізді қосатын боламыз. Дархан Закарин, аудандық мәслихат депутаты

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/darhan-zakarin-audandy-m-slihat-deputaty-921912](https://yvision.kz/kk/post/darhan-zakarin-audandy-m-slihat-deputaty-921912)