---
title: "Даниэль Джеймс: Менің ана тілім – қазақ тілі"
description: "Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясының қатысушысы, Африка мәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс еліміздегі көпұлтты қоғам..."
author: "AdilNazar"
published: "2025-04-24T11:02:55+00:00"
modified: "2025-04-24T11:02:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/daniel-dzheyms-menin-ana-tilim-kazak-tili-1013612"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/daniel-dzheyms-menin-ana-tilim-kazak-tili-1013612/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Даниэль Джеймс: Менің ана тілім – қазақ тілі

> Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясының қатысушысы, Африка мәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс еліміздегі көпұлтты қоғам...

**Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясының қатысушысы, Африка мәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс еліміздегі көпұлтты қоғам туралы пікір білдірді, деп хабарлайды **El.kz** ақпарат агенттігі.**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/268570/669c7d8c1f43c6496867051cb840695a.webp?width=1200&height=675)

Даниэль Джеймстің айтуынша, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрмет өзге этностарды біріктіреді. Нигериядан шыққан Даниэль Алматыда өскен. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.

> Ағылшын тілін білемін, бірақ менің ана тілім – қазақ тілі, – дейді Даниэль Джеймс.

Қазақстанды өзінің туған үйіндей көретінін айтқан Даниэль еліміздің қонақжайлығына тәнті. Оның айтуынша, шетелдіктер үшін Қазақстанда өздерін жайлы сезінуге барлық жағдай жасалған.

> Мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен мейірімділігі мені әрдайым қуантады. Көшеде келе жатқанда кейде адамдар менімен суретке түсуді сұрайды, бәлкім түр-әлпетім ерекше көрінетін болар. Бірақ мен оларға: «Келіңіздер, бірге суретке түсейік», – деймін. Сонда олар қатты таңғалады, – деп күлді Даниэль.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/daniel-dzheyms-menin-ana-tilim-kazak-tili-1013612](https://yvision.kz/kk/post/daniel-dzheyms-menin-ana-tilim-kazak-tili-1013612)