---
title: "Дамбы ауылдық округінде амбулатория ашылды"
description: "«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба шеңберінде Дамбы ауылдық округінде Амангелді селолық амбулаториясы жұмысын бастады..."
author: "journalist_n"
published: "2024-10-07T07:23:04+00:00"
modified: "2024-10-07T07:23:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/damby-auyldyk-okruginde-ambulatoriya-ashyldy-1007750"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/damby-auyldyk-okruginde-ambulatoriya-ashyldy-1007750/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дамбы ауылдық округінде амбулатория ашылды

> «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба шеңберінде Дамбы ауылдық округінде Амангелді селолық амбулаториясы жұмысын бастады...

**«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба шеңберінде Дамбы ауылдық округінде Амангелді селолық амбулаториясы жұмысын бастады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.** Бұл мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынған биыл 7-ші нысан. Жалпы ауданы 902 шаршы метрді құрайтын ғимаратта күндізгі стационар, зертхана, физиотерапиялық және басқа да медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалған кабинеттер бар. - *Бүгінгі қала күнімен тұспа-тұс келген жаңа типтегі Амангелді селолық амбулаториясының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймыз. Халыққа толыққанды қолжетімді көмек көрсететіндей заманауи жабдықтармен жабдықталған ғимаратта енді тұрғындар қажетті емдерін толық ала алады, *- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев. - *Ауылдастарымды бүгінгі ортақ қуанышпен құттықтаймын. Біз осыған дейін Дамбы дәрігерлік амбулаториясына қаралатын едік. Кейде қалаға жолдама береді. Енді міне бар уақытымызды жолға жұмсамай, қажетті ем-домды аламыз.өзімізде жаңа ғимарат ашылып қуанып жатырмыз, *- деді ауыл тұрғыны Сатыбай Әпендіұлы. Айта кетейік, медициналық нысанға тапсырыс беруші - Атырау облыстық құрылыс , сәулет және қала құрылысы басқармасы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/damby-auyldyk-okruginde-ambulatoriya-ashyldy-1007750](https://yvision.kz/kk/post/damby-auyldyk-okruginde-ambulatoriya-ashyldy-1007750)