---
title: "Дала жұлдызы"
description: "13 мамырда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесул..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-05-13T11:40:04+00:00"
modified: "2022-05-13T11:54:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dala-zh-ldyzy-966659"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dala-zh-ldyzy-966659/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дала жұлдызы

> 13 мамырда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесул...

13 мамырда Ересек мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Алтынсарин кездесулері» жобасы аясында жазушы, ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Дала жұлдызы» брейн-ринг ойыны екінші мәрте өткізілді. Алғашқы ойында М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектебі жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі ойынға қаламыздың № 10 орта мектебі мен № 18 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Ойынның басында әр мектеп өз топтарының атын, ұранын таныстырып өтті.

#балалар_жылы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/e24579464be73eb389625addb0fc3b.jpg)

Ойын 6 бөлімнен тұрды:

1. «Ы. Алтынсарин кім?» Жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты деректер.

2. «Қандай нысан?» Ы. Алтынсарин атындағы облысымыздағы нысандар.

3. «Қай кейіпкер?» Фильворд әдісі бойынша Ы. Алтынсариннің шығармаларындағы кейіпкерлерді табу.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/efffda59797d38eb4cf0d63d09346a.jpg)

4. «Қандай шығарма?» Шығарманың басталуынан Ы. Алтынсариннің қай шығармасы екенін табу.

5. «Жұмбақтар» Ы. Алтынсариннің авторлық жұмбақтарын шешу.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/7f6e94a16c9d743c72bbdcf72c77f7.jpg)

6. «Эмодзи» Бәрімізге белгілі эмодзи суреттері арқылы Ы. Алтынсариннің шығармаларының атауын табу.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/48fa86cfda6a2ca1a7b3e7c0e30ebb.jpg)

Ойын барысында қатысушылар Ы. Алтынсарин туралы білімдерін ортаға салып, сайысқа түсті. Қатысушылар әр кезеңге тиянақты дайындалып келгендерін көрсетті. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша№ 10 орта мектебі жеңіске жетті.№ 18орта мектебіне ойынға қатысқандары үшін алғыс хат табысталды. Екі ойын жеңімпаздарының қорытынды кездесуі күзде өткізілетін болады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/3cebf9929ab0561c270e606be6dcd4.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/28ff26b82aab5a3f6b7a07aaab28ef.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/53fd98457575899d84dd0dadc4c858.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/7bdbabbe2170768b5c6f82de11e8ba.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dala-zh-ldyzy-966659](https://yvision.kz/kk/post/dala-zh-ldyzy-966659)