---
title: "«Дала қыраны-2013» жаттығуын жоспарлау конференциясы"
description: "Алматы қаласындағы «Казбриг» бітімгершілік бригадасының базасында «Дала қыраны» арнайы тактикалық бі..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-04-11T00:37:39+00:00"
modified: "2013-04-11T00:38:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dala-yrany-2013-zhatty-uyn-zhosparlau-konferenciyasy-346905"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dala-yrany-2013-zhatty-uyn-zhosparlau-konferenciyasy-346905/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Дала қыраны-2013» жаттығуын жоспарлау конференциясы

> Алматы қаласындағы «Казбриг» бітімгершілік бригадасының базасында «Дала қыраны» арнайы тактикалық бі...

**

![«Дала қыраны-2013» жаттығуын жоспарлау конференциясы](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/11.0413/3.jpg)

Алматы қаласындағы «Казбриг» бітімгершілік бригадасының базасында «Дала қыраны» арнайы тактикалық бітімгершілік жаттығуын жоспарлаудың негізгі конференциясы болып өтті. Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Тәжікстан, Швейцария, Қырғыз Респуликасы қарулы күштерінің, сондай-ақ НАТО штаб-пәтерінің өкілдері келді.**

«Дала қыраны» жаттығуы 2003 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын НАТО-ның «Бітімгершілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы аясында өткізіліп келе жатыр.

Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов «Дала қыраны» арнайы тактикалық бітімгершілік жаттығуының форматы барған сайын өзгеріп, күрделеніп отырады. Оны өткізу аумағы да ұлғайып келеді. Халықаралық жаттығуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін барлық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, тыңғылықты дайындалуымыз қажет» - дейді.

Конференцияға қатысушылар жаттығуды әкімшілік, медициналық, әскери-техникалық және тылдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Бірінші рет көпұлтты бригаданың штабы бекітілді. Бұл бітімгершілік іс-қимылдары кезінде шетелдік бөлімшелермен жедел үйлесімділік деңгейін қамтамасыз етпек.

Конференцияның қорытындысы бойынша жаттығуға әрі қарай дайындық барысында басшылық құжат болып табылатын хаттамаға қол қойылды. «Дала қыраны-2013» жаттығуы осы жылдың тамыз айына жоспарланып отыр. Жаттығу жөнінде түпкілікті шешім қабылдау үшін әсери мамандар тағы бір бас қосу өткізетін болады.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dala-yrany-2013-zhatty-uyn-zhosparlau-konferenciyasy-346905](https://yvision.kz/kk/post/dala-yrany-2013-zhatty-uyn-zhosparlau-konferenciyasy-346905)