---
title: "«Дала қыраны-2013»"
description: "2013 жылғы 10-23 тамыз аралығында Алматы облысындағы «Іле» полигонында «Дала қыраны-2013» халықарал..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-08-05T06:59:16+00:00"
modified: "2013-08-05T06:59:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dala-yrany-2013-367214"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dala-yrany-2013-367214/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Дала қыраны-2013»

> 2013 жылғы 10-23 тамыз аралығында Алматы облысындағы «Іле» полигонында «Дала қыраны-2013» халықарал...

**2013 жылғы 10-23 тамыз аралығында Алматы облысындағы «Іле» полигонында «Дала қыраны-2013» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы өтеді. **

Оқу-жаттығуға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Литва, Швейцария, Италия, Қырғызстан және Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімшелері қатысады.

2013 жылғы 10 тамызда «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының оқу-жаттығу орталығының базасында жаттығуға қатысушы елдер қарулы күштері басшылығы өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны» оқу-жаттығуының ашылу салтанаты болады.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dala-yrany-2013-367214](https://yvision.kz/kk/post/dala-yrany-2013-367214)