---
title: "«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды"
description: "28 қараша күні Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақ радиосының төл жобасы – І..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-11-29T10:16:00+00:00"
modified: "2014-12-01T23:52:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/dala-dauysy-radiofestivalini-zhe-impazdary-marapattaldy-444662"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/dala-dauysy-radiofestivalini-zhe-impazdary-marapattaldy-444662/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды

> 28 қараша күні Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақ радиосының төл жобасы – І...

*28 қараша күні Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақ радиосының төл жобасы – ІІІ Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концерті өтті.*

Салтанатты шарада «Дәстүрлі ән», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық ән», «Этноэстрадалық ән», «Жаңа есім» аталымдары бойынша ән додасында бақ сынап, жеңімпаз атанған 20 орындаушы марапатталды.

![«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/tkk7703GyDo16a1rp08ZhRAcaYjb5z.jpg)

Айта кетейік, «Дала дауысы» – қазақ музыкасы арқылы ана тілімізді әлем халықтарының арасында барынша насихаттайтын радиофестиваль. Алғаш 2012 жылы басталған болатын.

![«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/E28028HuO38tin492MRxjul339bR78.jpg)

Мақсат - қазақ әнінің замануи бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттау, жылдың үздік әндерін анықтау және жаңа таланттарды табу, ұлттық музыкалық және поэтикалық тілді насихаттау, сіңіру.

![«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/Jq0qk2RQ78LXAccVpJ6mk1K0AQ3tvn.jpg)

Биыл радиофестивальге Қытай, Ресей, Украина, Беларусь, Татарстан, Қырғыз Республикасы, Латвиядан орындаушылар қатысты.

«Дала дауысының» іріктеу турынан өткен әрбір шығарма Қазақ радиосының эфирі мен www.daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы тарады.

![«Дала дауысы» радиофестивалінің жеңімпаздары марапатталды](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/jjGqT4CoBu0PjtQMDf28f14344Z040.jpg)

«Дала дауысы» радиофестивалінің лауреаттары:

«Дәстүрлі ән» және «Академиялық орындаушы» аталымы бойынша

Гүлмарс Аманбаева - «Қамшыгер»

Қайрат Кәкімов - «Үлкен айдай»

Ардақ Исатаева - «Інжу-маржан»

Сәбит Дабылов - «Құмарын тарқат алқаның...»

Бибігүл Жанұзақ пен Нұрғали Тұрлыбеков - «Назқоңыр».

«Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән» аталымы бойынша:

Әли Оқапов - «Биле»

Алтынай Жорабаева - «Перзент парызы»

Маржан Арапбаева - «Арманыма асығамын»

Құрмаш Маханов - «Кіршіксіз мұң»

«Заман» тобы - «Қарақат көзің»

Қайрат Байекенов және «Формат» тобы - «Махаббат»

Ақылбек Жаңабаев - «Қазақпын»

Шахаризат Сейдахмет - «Желдірме»

«Жаңа есім» аталымы бойынша:

Саян Дембириел - «Ауылым»

Екатерина Сычевская - «Қазақстаным, алға!»

Лана Франческо - «Әлия».

Адриана Шевченко - «Алғашқы көктем»

Қайнар - «Астана аруы»

«Алдаспан» тобы - «Бозторғай».

Маржан Исаева - «Дәурен-ай»

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/dala-dauysy-radiofestivalini-zhe-impazdary-marapattaldy-444662](https://yvision.kz/kk/post/dala-dauysy-radiofestivalini-zhe-impazdary-marapattaldy-444662)