---
title: "Дағдарыс елге емес, үкімет басына тиесілі"
description: "Әлем елдерінің ішінде жер көлемі бойынша 9-орын алатын-Қазақстан. Д.И. Менделеев кестесіндегі химиял..."
author: "mudin"
published: "2016-04-09T02:09:33+00:00"
modified: "2016-04-09T06:07:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/da-darys-elge-emes-kimet-basyna-tiesili-688187"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/da-darys-elge-emes-kimet-basyna-tiesili-688187/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дағдарыс елге емес, үкімет басына тиесілі

> Әлем елдерінің ішінде жер көлемі бойынша 9-орын алатын-Қазақстан. Д.И. Менделеев кестесіндегі химиял...

Әлем елдерінің ішінде жер көлемі бойынша 9-орын алатын-Қазақстан. Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің барлығы дерлік кездесетін жер-Қазақстан. Табиғи ресурстарға аса бай өлке тағы да-Қазақстан.

Осындай Тәуелсіз елде экономикалық дағдарыстың болуы-күлкінішті. Елімізде қандай экономикалық дағдарыс болуы мүмкін? Бұл жәй сандырақ. Герольд Бельгер айтқандай "Дағдарыс елде емес, үкіметтің басында" болып отырған секілді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/KSl2JfEJjtb8APuC1vsk2hNz3V2rwQ.jpg)

Құндылықтарымыздан алатын жемісімізді көре алмағанымыз ба? Оларды тиімді пайдалана алмадық па? Бірінен кейін бірі шет ел өкілдеріне сатылып бара жатқан жерлерімізді қалай қиямыз? Бұндай проблемалардың болып жатқанын бірі білсе, бірі білмес. Біз: "Осы күнге жеткенімізге тәуба, шүкір-шүкір...Біз бүгін тіріміз соған тәуба" деп отырамыз. Солай жүріп қалай құл болып кеткенімізді де байқамай қаламыз. Әрине, бар нәрсеге шүкіршілік ету керек. Бірақ, болашаққа қадам басуды, алдыға ұмтылуды ұмытпаған жөн.

Ел ішінде болып жатқан жағдайлар жайлы әрдайым құлақтар болуымыз керек. Кейбір адамдар Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мүшесі болғанын білмейді. Оның зардабы мен пайдасы жайлы келесі мақаладан оқи аласыздар.

[!\[\](http://yvision.kz/images/link.png)](http://yvision.kz/post/688259)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/da-darys-elge-emes-kimet-basyna-tiesili-688187](https://yvision.kz/kk/post/da-darys-elge-emes-kimet-basyna-tiesili-688187)