---
title: "Дәстүрлі әнші Жақсыкелді Маясаров – «Таңшолпанда» қонақта"
description: "Жақсыкелді Маясаров XVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде «Халықтық музыка» ата..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-10T03:23:45+00:00"
modified: "2015-11-10T03:23:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-st-rli-nshi-zha-sykeldi-mayasarov-ta-sholpanda-ona-ta-636275"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-st-rli-nshi-zha-sykeldi-mayasarov-ta-sholpanda-ona-ta-636275/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дәстүрлі әнші Жақсыкелді Маясаров – «Таңшолпанда» қонақта

> Жақсыкелді Маясаров XVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде «Халықтық музыка» ата...

Жақсыкелді Маясаров XVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде «Халықтық музыка» аталымында домбырамен ән айту бойынша бас жүлдеге ие болды.

![Дәстүрлі әнші Жақсыкелді Маясаров – «Таңшолпанда» қонақта](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/NDpo74b4NZdk112L9aAJjhB7uQQXWO.png)

«Дәстүрлі әннің құдіретін бала кезімізден сезініп келеміз. Қазақ «қанына тартпай қоймас», дейді. Әкеміздің үйде отырғанда домбырамен орындайтын әндерін құлағымызға сіңіріп өстік.

Бұл байқауда барлығы 48 үміткер бақ сынады. Бас жүлденің маған бұйыруын үлкен бақыт деп санаймын», дейді әнші.

Жақсыкелді Маясаровтың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» атты әнін [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) тыңдай аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-st-rli-nshi-zha-sykeldi-mayasarov-ta-sholpanda-ona-ta-636275](https://yvision.kz/kk/post/d-st-rli-nshi-zha-sykeldi-mayasarov-ta-sholpanda-ona-ta-636275)