---
title: "Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі"
description: "«Екпін» бүгін қолөнерші Мейраш Битанованың «Інжу» атты алғашқы көрмесінде болып келді. Корейлер «под..."
author: "Arsik"
published: "2012-12-03T06:45:03+00:00"
modified: "2012-12-03T06:45:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-st-rli-nerdi-nasihatta-an-inzhu-k-rmesi-306310"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-st-rli-nerdi-nasihatta-an-inzhu-k-rmesi-306310/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі

> «Екпін» бүгін қолөнерші Мейраш Битанованың «Інжу» атты алғашқы көрмесінде болып келді. Корейлер «под...

*«Екпін» бүгін қолөнерші Мейраш Битанованың «Інжу» атты алғашқы көрмесінде болып келді.*

Корейлер «поджаги», ағылшындар «квилт», аустралиялықтар «пэчворк» дейтін құрақ құрау өнері ықылым заманнан келе жатқан ата-бабамыз мұра еткен дәстүрлі өнер. Сол дәстүрді жалғап келе жатқан апаларымыздың бірі Мейраш Битанова өнерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатындаосындай көрме ұйымдастырған екен.

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/O4mDhP3D6m9tfE74Uz47tR0Rbpw2NK.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9RL2Izn5SLHZcXhji55yctQ6h43i0j.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/3Jy75rU2w5v4775O7l45gC3g44c4P3.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/fH4BgSN2Ok6yrHKx7mC7tuIakeuWLz.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/nf2wsjQTL9s8LqKD8ETz7SWy8KOzbP.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/T1akMDlt5H9Lo53u15z3w9Uqc1FLA4.jpg)

**Мейраш апай**: *- Қолөнермен кішкентай кезімнен айналысамын, анамнан қарап үйрендім. Бұл енді біздің дәстүр болғаннан кейін, үйде әрдайым қыздарыма, немерелеріме үйретіп отырамын. Соның бәрінен осындай көрме пайда болды. 63 жасымда осындай жаңа бір іс істеймін деп ойламаппын (күліп).*

*Мына машинка менің анамның анасынан қалған.*

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/13eGah2TqmJ3174GEue9H4V79SDLJq.jpg)

*Көп құрақтарды осымен жасағанмын.*

*Ал қазірде балаларым алып берген мынадай құрылғыны қолданамын*.

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9bLbu3Cp8Heq193oh0L9C08tj6JbZ1.jpg)

*Көрмеге көп адам келеді деп ойламаппын. Келіп, қызығып, сұхбат алып жатқандарына қуанып қаламын. Қазіргі заманда қандай да болса идеяңды жүзеге асыра аласың. Ең бастысы, істей алатын нәрсеңді сыртқа шығара білу керек.*

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Z5NK2hu1Cvb2468QG1I91k512w12cg.jpg)

*Қазақтың ою-өрнектері, жайқалып шығатын "мүйізі", мысалы, адамға жақсы әсер етеді. Әр өрнек бақыт, байлық сыйлайды.*

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/qZqYZX41uU7ArGTfZt3vysXy4vvmaw.jpg)

*Кейбір өрнектерді бір жерлерден көріп қалам, кейбіреулері жұмысқа кіріскенде өзімен-өзі пайда болып жатады. Өнер деген еңбектенген адамда шыға береді ғой.*

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/jqJ9l8vqwVwdjjolPTYmKE397MLaK6.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/AYCXd5T06GRQ8sqQss4D51M62718Ll.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/3a765AV68R1sXEFw2K38uNiv76fnh9.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/B2jnN6MLjnCEmjPDjxg6FZWHrv4PNF.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/LlT780XeUIAtb9Lhvx6woLe9jil5RS.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/pWLVEoXr25KZc0JW6hH5mS9046yu8K.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/14A1Y7xXnLDUIz6Ol4H1F0xyztsAIn.jpg)

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/uPob62M5fbZyOG0oXbEptI91Z8A6m9.jpg)

*Бұл дәстүр ары қарай да жалғасса екен деймін. Сондықтан оны ұмытпасын деп, еске салу біз сияқты үлкен буынның міндеті деп білем.*

![Дәстүрлі өнерді насихаттаған «Інжу» көрмесі](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/20UXZL6ytrF7Q8I7UIGO12ufWfw7F0.jpg)

*Егер осы өнерге шын пейілмен қызыққан қыз-келіншектер болса, үйретуге, көрсетуге әрдайым дайынмын. Өйткені адамның өзі ниеттеніп, шын көңілмен тіккен көрпелері, құрақтары, жасауы болсын берекелі болады.*

*________________________________________________________________________*

Көрме Әуезов көшесі, 3 "а" (Төле би қиылысы) **"Artfoglio"** галереясында** 20-желтоқсанға **дейін болады.

**Қосымша ақпарат алу үшін: **379 66 13, 8777 243 11 30

*Материалды дайындаған: **Айжан Кәрібаева***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-st-rli-nerdi-nasihatta-an-inzhu-k-rmesi-306310](https://yvision.kz/kk/post/d-st-rli-nerdi-nasihatta-an-inzhu-k-rmesi-306310)