---
title: "Дәстүрге айналған «Адалдық сағаттары»"
description: "2019 жылдың 4 қараша күні оқу жылының ІІ тоқсанының бірінші оқу күнінде Батыс Қазақстан облысының 37..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-11-04T15:04:30+00:00"
modified: "2019-11-04T15:04:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-st-rge-aynal-an-adaldy-sa-attary-843859"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/d-st-rge-aynal-an-adaldy-sa-attary-843859/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Дәстүрге айналған «Адалдық сағаттары»

> 2019 жылдың 4 қараша күні оқу жылының ІІ тоқсанының бірінші оқу күнінде Батыс Қазақстан облысының 37...

2019 жылдың 4 қараша күні оқу жылының ІІ тоқсанының бірінші оқу күнінде Батыс Қазақстан облысының 379 мектептерінде дәстүрлі «Адалдық сағаты» өткізілді.

Орал қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебінде оздырылған шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Самет қатысып, «Парасаттылық» тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады.

Мектеп ұстазы арнайы тренигтер өткізіп, оқушылар өз ойларын посттерлер арқылы бейнеледі. Арнайы көрсетілген бейнероликтер арқылы оқушылар тұжырымдарын шыңдады.

Н.Самет өз сөзінде балаларды адалдыққа, парасаттылыққа және патриотизмге шақырды.

Кездесу барысында Н.Самет оқушылардың қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Сәйкесінше, департамент қызметкерлері Б.Хайруллин, Г.Мурзакаева, Р.Қуанышкалиев, Е.Ерланұлы, Н.Ихсангалиев №1, №17, №19, №35 жалпы орта білім беретін мектептері мен эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясында шаралар өткізді.

«Адалдық сағаттары» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық білім басқармасы және білім беру бөлімдері қолдауымен ұйымдастырылуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/d-st-rge-aynal-an-adaldy-sa-attary-843859](https://yvision.kz/kk/post/d-st-rge-aynal-an-adaldy-sa-attary-843859)